2023 жылдың 1 тоқсан бойынша есеп

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2023 жылдың 1 тоқсан бойынша атқарылған жұмыстары

Батыс қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Басқарма,  Батыс Қазақстан облысы аумағында сәулет,  қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік саясатты іске асырады.

Осы берілген функция негізінде Басқарманың 2023 жылдың 1 тоқсан бойынша атқарылған жұмысына тоқталып өтетін болсақ,  Басқармаға келіп түскен арыз-шағымдар негізінде 10 жоспардан тыс тексерістер жүргізілді. Тексерістер нәтижесінде 34 әкімшілік хаттамалар толтырылып, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 7 нұсқама берілді. Салынған  айыппұл сомасы – 7 676 250 тенге болып отыр.

         Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдар жалпы саны  - 122.

         Соның ішінде, жеке тұлғалардан - 87, заңды тұлғалардан – 35 шағым түсті.

         Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау туралы 170 хабарлама қаралды.

         ИИС ЦОН электронды порталы арқылы 261 қабылдау актісіне өтінім қаралды.

         Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігер ұйымның жұмыс тәжірибесін растау бойынша 64 өтінім қаралды.

         Е-Qurylys электронды порталы арқылы техникалық қадағалаушылардың 747 мемлекеттік есебі тіркеліп, қаралды.

 

 

Дата публикации
11 апреля 2023