Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциялау
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы ағымдағы жылғы 29 маусымда «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңының келесідей баптарына өзгерістер енгізілгендігін хабарлайды.
60-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес:
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келiсу бойынша тапсырыс беруші (меншiк иесi) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларынсыз нобайлар (нобайлық жобалар) бойынша:
- екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер салуды жүзеге асыра алады.
64-1 бабы 2-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес:
- міндетті сараптамаға: осы Заңның 60-бабының 2-тармағында келтірілген техникалық жағынан күрделi емес объектiлер құрылысының жобаларын қоспағанда, бюджет қаражатының немесе мемлекеттiк инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуынсыз қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттама жатады.
74-бабына сәйкес:
- Меншік иесі (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) осы Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген, құрылысы аяқталған, техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi пайдалануға қабылдауды өзі дербес жүзеге асырады.
- Егер осы Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген үй-жайларды (үйдiң жекелеген бөлiктерiн) өзгерту, сондай-ақ техникалық жағынан күрделi емес санамаланған объектiлердi салу мен пайдалану басқа азаматтардың құқықтарына нұқсан келтiрсе не мемлекеттiк, қоғамдық және (немесе) жеке мүдделерге қайшы келсе, осы баптың нормаларын қолдануға болмайды.
- Осы баптың нормалары:
2) екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне қолданылмайды.