Мемлекеттік қызметші күні құттықтаулар

Жарияланған күні: 23 маусым 2020
Мемлекеттік қызметші күні құттықтаулар

23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні Басқарманың бір қатар қызметкерлері облыс әкімі Ғ.Н. Есқалиевтің, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы Ғ.С. Тұрсынбаевтың, БҚО құрылыс басқармасының басшысы А.С. Антазиевтің аттарынан Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар қызметкерлердің ата-анасына Алғыс хаттар табыс етілді. Алғыс хаттарға ие болғандар: тұрғын үй құрылысы мониторингі бөлімінің басшысы К.С. Досанов, өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Н.Е. Молдашев, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Н. Есимов, бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімінің бас маманы Ж.Ж. Махсутов, өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы М.М. Кайржанов, жобалау-сметалық құжаттамалар бөлімінің бас маманы М.А. Джумагалиева, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы А.Ғ. Жұмалиев. Ата-анаға Алғыс хаттары өндірістік-техникалық бөлімінің бас мамандары А.А. Муратова және  С.А. Ерболатовқа табыс етілді.