Мемлекеттік қызметтегі 21 жыл жұмысы ішінде өзін жауапкершілігі жоғары, құзіретті, өз ісінің білікті, тәжірибелі маманы ретінде көрсете білді

Мемлекеттік қызметтегі 21 жыл жұмысы ішінде өзін жауапкершілігі жоғары, құзіретті, өз ісінің білікті, тәжірибелі маманы ретінде көрсете білді

Мемлекеттік қызметтегі 21 жыл жұмысы ішінде өзін жауапкершілігі жоғары, құзіретті, өз ісінің білікті, тәжірибелі маманы ретінде көрсете білген Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы Молдашев Темірбек Нукенұлы Басқарманың мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, өткізу және есеп бөлімінің қызметтерін реттеп келеді.
Темірбек Нукенұлы 24.11.1959 жылы Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы дүниеге келген.
Еңбек жолын 1982 жылы Жымпиты ауданының Қособа совхозының мал шаруашылығында инженер болып бастаған.
1984–1996 жылдары аралығында Қособа совхозының бас инженер–механигі, Жымпиты аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің бас инженер-механигі, Қособа совхозының бас инженері қызметтерінде болған.
2000 жылдың тамыз айыннан бастап Батыс Қазақстан облысының тұрғын-үй коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасының тұрғын-үй коммуналдық бөлімінің бас маманы;
2003 жылы Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің сумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы;
2005 жылы Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алу және есеп бөлімінің бас маманы;
​2008 жылы Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, өткізу және есеп бөлімінің бастығы;
​2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Лауазымдық міндеттерін адал орындайды. Өз қызметіне қатысты мәселелерді шешу кезінде оңтайлы, үнемді әдістерді қолданады. Өзінің көп жылғы тәжірибесімен жас мамандармен үнемі бөлісіп отырады. Акқөңіл, көпшіл, зейінді, әріптестерімен қарым-қатынаста әдепті. Шебер ұйымдастырушы, жігерлі басшы ретінде танылды.