Жолаушылар тасымалы

Жолаушылар тасымалы

2021 жылғы 14 мамырда Каратөбе ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Р.Н. Иманғалиевтің төрағалығымен Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Т. С. Шиниязовтың , аудандық полиция, салық, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшыларының, Қаратөбе ауылы әкімінің және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының басшысы, тасымалдаушы "Қазақстан Елім" ЖШС директорының қатысуымен ауданаралық ( облысішілік) " Қаратөбе- Орал" маршрутының жұмысы туралы кеңес өткізілді. Кеңестің күн тәртібінде жолаушылар тасымалын жақсарту мәселелері қаралды, қорытындысында ауданға қатынайтын тасымалдаушыға, тиісті мемлекеттік органдарға жолаушылар тасымалы сапасын арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.