Батыс Қазақстан облысы автомобиль жолдарының жағдайы бойынша

Батыс Қазақстан облысы автомобиль жолдарының жағдайы бойынша анықтама

 

 

Облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы  6183 км құрайды.  Оның ішінде: Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары–1349 км. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары – 4834 км.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Республикалық маңызы бар автожолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі – 83%, жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі – 56% құрады.

2024 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеуге34,8 млрд. теңге бөлініп, жылдың қорытындысы бойынша 250,8 км жол жөнделді (қайта жаңарту - 41,5 км, күрделі жөндеу - 103,8 км, орташа - 105,5 км), сондай – ақ, "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы бойынша 39 жобаны жүзеге асыруға 8,8 млрд. теңге бөлініп, жалпы ұзындығы 88 км кентішілік жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2025 жылы облыста жергілікті маңызы бар жолдарды және «Ауыл – ел бесігі» (16 жоба)бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 45,3млрд.теңгеге(34,6 млрд.тг игерілді-75%)263 км ден астам жолдарды жөндеу жоспарлануда. Соның ішінде, облыстық   (8 жоба-109,3 км) және аудандық маңызы бар (15 жоба-111,4 км) автожолдарға 39,4 млрд. теңге(30,6млрд.тг игерілді-77%) бөлініп, 220,7км жөнделу жұмыстары жоспараланған (қайта жаңарту - 35 км, күрделі жөндеу –108,7 км, орташа –55,7 км, ағымдығы-21,3км).Қазіргі уақытта автожолдардың 187(85%) шақырымында асфальт-бетон жабынын орнату жұмыстары аяқталды.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 15 елді-мекеннің ауылішілік жолдарын жөндеуге5,9(3,9 млрд.тг игерілді-66%) млрд. теңге қарастырылған, бұл қаражатқа42,31 км асфальтбетон жабынмен қамтамасыз ету күтілуде. Қазіргі уақытта автожолдардың 21,4 (50%)шақырымында асфальт-бетон жабынын орнату жұмыстары аяқталды.

Дата публикации
10 октября 2025