Орал әуежайы әуеайлақтың жабылуымен такси жолын жөндейді

Мәншүк Мәметова атындағы Халықаралық әуежай такси жолының қолданыстағы жабынына ағымдағы жөндеу жүргізеді.Бұл іс-шаралар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Жөндеу кезеңіне 08 қазан сағат 02:00-ден 10 қазан сағат 05:00-ге дейін, сондай-ақ 12 қазан сағат 01:30-дан 17:00-ге дейін (резервтік күн) әуе кемелерін қабылдау және шығару үшін әуеайлақты жабу жоспарлануда. Бұл әуе кемелерін пайдалану және жолаушыларға қызмет көрсету қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мәжбүрлі шара.

Жоспарланған жөндеу мерзімдері қолайлы ауа райы жағдайлары кезеңін ескере отырып, сондай-ақ әуежайда ұшатын ұшақтар санының азаюын ескере отырып таңдалды және Оралға рейстерді орындайтын авиакомпаниялармен келісілді.

 

БАҚ үшін байланыс: баспасөз қызметінің басшысы Айнагүл Сакпусунова 87715014411

Дата публикации
27 сентября 2023