Объявление о проведении повторного конкурса на право обслуживания маршрутов регулярных внутриреспубликанских автомобильных перевозок пассажиров и багажа
Объявление о проведении повторного конкурса на право обслуживания маршрутов регулярных внутриреспубликанских автомобильных перевозок пассажиров и багажа
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған қайта конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
- «Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) 26.11.2026 жылғы сағат 15:00-де Орал қ., Х.Чурин көшесі, 116, 218-бөлме мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған қайта конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттардың пакеттерi шығарылады:
|
п/н |
Маршрут нөмері |
Маршрут |
Аудан |
|
1 |
109 |
Тайпақ – Орал – Тайпақ |
Ақжайық |
|
2 |
151 |
Жаңақала – Орал – Жаңақала |
Жаңақала |
|
3 |
196 |
Қаратөбе – Орал – Қаратөбе |
Қаратөбе |
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер Басқармаға конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Орал қ., Х.Чурин көшесі, 116, 218-бөлме мекенжайы бойынша немесе uptiadzko@bko.gov.kz электрондық поштасына ұсынуы тиiс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 11.11.2026 жылғы сағат 17:00-ге дейін.
- 28.10.2026 жылғы конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефондар: 8 (7112) 51-92-63, 51-91-64
15