ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ
Бүгінгі таңда облыста 4 халықаралық маршрут бар (Самара, Орынбор, Тольятти, Саратов).
1 облысаралық маршрут жұмыс істейді (Атырауға), 23 ауданаралық маршрутқа 17 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Барлық 12 аудан орталықтары автобус маршруттарымен қамтылған.
Соңғы жылдары облыстық бюджеттен бөлінетін субсидия көлемі артып келеді, сонымен қатар субсидияланатын маршруттар саны да өсуде. 2024жылға 436,0 млн. теңге бөлінді (2023 ж – 382,8млн.тг), 269 777 жолаушылар тасымалданды. Бүгінгі күнге 15тасымалдаушы 18 маршрут бойынша субсидия алып отыр.
Жалпы аудан орталықтарына қатынайтын әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялау тұрғындардың аз қамтылған бөлігі үшін (студенттер, зейнеткерлержәнет.б.) қолжетімділікті қамтамасыз етіп, әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етті.
Субсидия және облыс әкімдігінің қолдауы арқасында ауданаралық маршруттарда қызмет көрсететін тасымалдаушылардың автопарктері жаңартылып келеді. 2023-2024 жылдары 13 жаңа автобус сатыпалынды.
Бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға өз әсерін тигізді.
Теміржол маршруттары.
Біздің облыс арқылы келесі теміржол маршруттар өтеді:
- «Алматы-Саратов» халықаралықпойызы;
- «Орал- Астана», «Орал -Алматы», «Орал -Маңғыстау» облысаралықпойыздары,
- «Орал–Семиглавый Мар» және «Орал – Шынғырлау» ауданаралықпойыздары.
«Орал- Семиглавый Мар»және «Орал – Шынғырлау» әлеуметтікмаңызы бар маршруттарынсубсидиялаубағдарламасыіскеасырылуда. 2024жылға 236,0 млн. теңге субсидия бөлінген (2023 ж – 218,0млн .тг), 83436адам тасымалданды.
Әуемаршруттары.
Бүгінгікүнге Орал қаласының халықаралық әуежайы арқылы 7 бағыт бойынша жолаушылар рейстері жүзеге асырылады, оның ішінде 5 ішкі республикалық (Астана, Алматы, Түркістан, Ақтау, Атырау) және 2 халықаралық (Франкфурт, Шарм-эль-Шейх).
Қазіргі уақытта «Орал Аэропорт Холдинг» ЖШС 100% қатысу үлесі бар «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС құрылтайшысы болып табылатыны белгілі. «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС сатып алу туралы шешім ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 11 қарашадағы №892 қаулысымен мақұлданды.
Бақыланбайтын қатысу үлесі 50%-дан кем «Орал Аэропорт Холдинг» ЖШС құрылтайшыларының бірі болып табылатын «Ретранс» АҚ ресейлік инвестордың ақпараты бойынша кейіннен 2025 жылы іске асырумен перрон мен рульдеужолынқайтажаңғыртуғажобаәзірленуде. Жобаны іске асыру әуе кемелерінің массасы бойынша рульдеу жолына және әуежай перронына шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді.
Болашақта жаңа терминалдың іске қосылғанын және жоғарыда аталған жобаны іске асыруын ескере отырып жаңа бағыттарды ашу мүмкіндігі қарастырылатын болады.