БҚО Казталов ауданы Қайыңды ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

БҚО Казталов ауданы Қайыңды ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

 

2025 жылғы 2 наурызда Казталов ауданының Қайыңды ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Казталов ауданының Қайыңды ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 546 азамат енгізілді, оның ішінде 390 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, "Барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар – 2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Губашев А.С. – 285, Гайсина Н.А. – 71, Сағатұлы Е. – 25.

Қайыңды ауылдық округінің әкімі болып Губашев Айбол Сагидуллиевич сайланды, 1988 жылы туған, Қайыңды ауылдық округінің әкімі, Қайыңды ауылында тұрады, «Amanat» партиясы атынан ұсынылды.

 

 

Казталов ауданының аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
02 марта 2025