Инвестициялық саясат және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бөлімінің бас маманы №03-02 индексі
Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Бизнес және басқару
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Инновациялық менеджмент
Қосымша талаптар
Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс
комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та
техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі
Функционалды міндеттер
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдары, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясы, «Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі» білуі талаптары. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.
«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшылығының және инвестициялық саясат және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бөлімі басшысының тапсырмаларын орындайды;
айналысатын бағыттар бойынша инвестициялық саясат және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бөлімінің жұмысын жүргізеді;
облыстың салалық басқармаларынан келіп түскен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы туралы инвестициялық ұсыныстарды қарайды;
облыстың салалық басқармаларынан келіп түскен бюджеттік өтінімдерге сәйкес жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру мәселесі бойынша бюджеттік комиссияның қарауына материалдарды дайындайды;
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде ұсынылатын жобалар бойынша конкурстық құжаттама жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаға сараптамаға жібереді;
жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаның сараптамасы негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде ұсынылатын жобалар бойынша конкурстық құжаттамаға қорытынды дайындайды;
бюджеттік комиссия мақұлдаған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін және консультациялық сүйемелдеу жөніндегі көрсетілген қызметтердің тізбесін қалыптастырады;
бюджет комиссиясының қарауына МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін шығарады;
бюджет комиссиясы шешім шығарғаннан кейін әрбір жеке МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы маслихат шешімінің жобасын әзірлейді және енгізеді;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды жергілікті МЖӘ жобалары бойынша жасалған МЖӘ шарттары туралы хабардар етеді;
«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлейді;
мемлекттік-жекешелік әріптестіктің келісім шарт жобасын уақытылы тексеру және келісу, сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің, оның ішінде «е-Минфин» автоматтандырылған кіріктіру жүйесі бойынша концессияның шартын тіркеуге арналған өтінімді тіркеу үшін тиісті қазынашылық аумақтық органдарында жіберу;
жергілікті инвестициялық ұсыныстар мен инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытынды әзірлейді, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаның сараптамасы негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде ұсынылатын жобалар бойынша конкурстық құжаттамаға қорытындылар дайындайды;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, облыс әкімдігі және қаржы басқармасы басшылығының қосымша тапсырмаларын орындайды, мекемелер, жоғары тұрған ұйымдар мен азаматтардың хаттарына жауап дайындайды;
істердің номенклатурасын әзірлеу, істерді қалыптастыру және сақтау, басқарманың мұрағатына істерді тапсыруға қатысады;
электрондық құжатайналымы талаптарына сәйкес қағаз тасығышта және электрондық түрінде құжаттарды әзірлейді, жоғары тұрған лауазымды тұлғаның тапсымаларын, қызметтік құжаттары бойынша тапсырмаларын орындайды немесе мерзімдерін ұзартады. Тапсырмада көрсетілген жағдайда бірінші болып оның орындалуын үйлестіреді ;
мәселелерді жоспарлау, дайындау, ақпарат ұсыну, хаттама жүргізу, шешімдерді рәсімдеу бойынша алқалы органдардың мәжілістерін дайындау және іске асыруды жүргізеді. Басқарманың іс-шаралар жоспарын бекіту, қабылданған шешімдерін іске асыру және есеп ұсынуды қамтамасыз етеді;
басқарманың қызметі туралы ақпаратты (талдамалық баяндамаларды, шолу, статистикалық мәліметтер және т.б) жеке және заңды тұлғаларға ұсыну үшін құқықтық және салалық мәселелер бойынша өз қызметі саласында материалдарды дайындайды;
жергілікті инвестициялық ұсыныстар мен инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытынды әзірлейді;
«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлейді;
жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдері бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін қарайды және оларға тұжырымдамалар жасайды;
ақпаратты алу және жіберуді жүзеге асырады;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстар жүргізеді, оларды уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды;
ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтайды;
басқарманың интернет-ресурсына және бұқаралық ақпарат құралдарына бөлімнің жұмысына қатысты ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді;
құқықтық жалпы оқыту шеңберінде басқарманың қызметкерлері арасында техникалық және экономикалық оқу жүргізуге қатысады;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне практикалық көмек көрсетеді;
«Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар таратылуы шектеулі қызметтік құжаттармен жұмыс істейді;
бөлімнің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
uraloblfu-kz@bkо.gov.kz
- 30.09.2022
- г.Уральск, ул. Ж.Досмухамедова 45, 2 қабат, 104 кабинет
-
8(7112) 24-41-94