Әкімшілік бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкер бала күту демалысында болуына байланысты 01.11.2023 ж. дейін)

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

242875

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Инновациялық менеджмент

Қосымша талаптар

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс
комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та
техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі

Функционалды міндеттер

        Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдары, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясы, «Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі», «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білуі талаптары.  Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

басқарманың әдістемелік қамтамасыз ету,  материалдық-техникалық және ақпараттық базасын жаңарту жөніндегі жұмысты жүргізеді;

ғимарат және үй-жайлардың өндірістік тазалықтың, сондай-ақ құралдарын жасақталуына (жарықтандыру, жылыту жүйесі, және желдеткіш т.б) бақылауды  қамтамасыз етеді, басқарманың қол жеткізуді басқару жүйесіне (СКУД-турникет) жауапты;

 негізгі қорларын ағымдағы және күрделі жоспарларын әзірлеу (ғимарат, сумен жабдықтау жүйелерін және басқа да құрылыстарын), шаруашылық шығыстардың сметаларын жасау қатысады, бюджеттік өтінімін жасайды;

өз функционалдық міндеттеріне сәйкес құрал-саймандардың және басқа да мүліктердің сақталуын ұйымдастырады, қамтамасыз етеді;

басқарманың қызметкерлерін кеңсе тауарларымен, шаруашылық-тұрмыстық және ұйымдастыру техникасының шығыс материалдарымен, шаруашылық заттарымен, арнайы киімдермен, құралдармен, бөлшектермен уақытылы қамтамасыз етеді;

техникалық персоналдын қызметіне бақылау жүргізеді және басқарманың шаруашылық тарапының қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады

басқарманың мөрін есепке алып, пайдаланып, сақтап, жояды;

 мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмiн орындайды, алда  болатын мемлекеттік сатып алуда басқарманың мүддесін білдіреді;

мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдерін анықтайды;

басқарманың лауазымды тұлғаларымен ұсынылған тауарлардың, қызметтердің және жұмыстардың сипаттамалары негізінде заңнамада белгіленген мерзімде бюджеттік өтінімге сәйкес: мемлекеттік сатып алу жоспарын жасайды, уәкілетті органды хабарлаумен және басқарма басшысының бұйрығы негізінде оған қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, оны жүзеге асырумен айналысады;

 қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы электрондық шартты тауарлар, қызметтер және жұмыстар жеткізушілерге www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы жолдайды және шарттық міндетемелер талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

мемлекеттік сатып алудың жосықсыз  қатысушыларына қатысты кінараттық претензиялық талаптардың жобаларын дайындау және жазбаша хабарлама жолдау жұмыстарын жүргізеді;

басқарманың тауарлар, орындалатын жұмыстар (қызметтер) мемлекеттік сатып алуы бойынша құжаттардың заңдылығын, уақытылығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді;

істердің номенклатурасын әзірлеу, істерді қалыптастыру және сақтау, басқарманың мұрағатына істерді тапсыруға қатысады;

 электрондық құжатайналымы талаптарына сәйкес қағаз тасығышта және электрондық түрінде құжаттарды әзірлейді, жоғары тұрған лауазымды тұлғаның тапсырмаларын, қызметтік құжаттары бойынша тапсырмаларын орындайды немесе мерзімдерін ұзартады. Тапсырмада көрсетілген жағдайда бірінші болып оның орындалуын үйлестіреді;

 жеке және заңды тұлғаларға басқарманың қызметі туралы ақпарат (талдамалық баяндамалар, шолу, статистикалық мәліметтер және т.б) ұсыну жөніндегі  жұмыстарын жүргізеді;

мәселелерді жоспарлау, дайындау, ақпарат ұсыну, хаттама жүргізу, шешімдерді рәсімдеу бойынша алқалы органдардың мәжілістерін дайындау және іске асыруды жүргізеді. Басқарманың іс-шаралар жоспарын бекіту, қабылданған шешімдерін іске асыру және есеп ұсынуды қамтамасыз етеді;

 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстар жүргізеді, оларды уақытылы қарау және жауап дайындауды қамтамасыз етеді; 

кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырады;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды;

 ішкі еңбек тәртібі қағидаларын  сақтайды;

 басқарманың интернет-ресурсына және бұқаралық ақпарат құралдарына бөлімнің жұмысына қатысты ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді;

 «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар таратылуы шектеулі қызметтік құжаттармен жұмыс істейді;

 бөлімнің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

 Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыздандыру.

 Кезекті жоспарланған мерзімге бюджеттік тапсырмаларады дайындайды

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.07.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.07.2022 – 13.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

18.07.2022

Сұхбаттасу орны

«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 45 үй, 1 қабат, 104 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8(7112) 50-54-06, 24-41-94