БҚО қаржы басқармасының мемлекет қатысатын заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы D-O-4 санаты, 1 бірлік, №08-04 индексі
Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
Қосымша талаптар
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент).
Құқық мамандықтары (құқықтану).
Құзыреттер бойынша қойылатын талаптар:
Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек;
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында әңгімелесуден өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Қосымша ақпарат:
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс
комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі
Функционалды міндеттер
Мемлекет қатысатын заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы D-O-4 санаты, 1 бірлік, №08-04 индексі үшін, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты (min) 108306 теңгеден (max) 146177 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдары, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясы, «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін», «Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білуі талаптары. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.
Облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді бәсекелес ортаға беру (жекешелендіру) бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, сондай-ақ, оларды бәсекелес ортаға беру (жекешелендіру) бойынша ұсыныстар енгізеді;
жекешелендіру объектілерін сатып алу-сату шарттары талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру және тарату жұмыстарына қатысады;
Басқарма Ережесіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Басқарма құзыретіне жататын мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметіне қатысты мәселелер бойынша жұмысты жүргізеді;
облыс әкімдігімен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін және акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы берілген және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдармен мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің қызметі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
облыс әкімдігімен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін және акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы берілген және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларына келісім беру, олардың орындалуын бақылау және талдау, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау бойынша жұмысының мониторингін жүзеге асырады;
мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамның акцияларына дивидендтердің белгіленген бөлігін және жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлесіне таза табыстың бір бөлігін облыстық бюджетке аударуының толықтығы мен уақытылығын бақылауды жүзеге асырады;
лауазымдық міндеттеріне жататын мәселелер бойынша ақпарат және есептер дайындайды;
басқарманың интернет-ресурсына және бұқаралық ақпарат құралдарына лауазымдық міндеттеріне жататын мәселелер бойынша ақпараттың орналастырылуын қамтамасыз етеді;
бөлімнің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
істердің номенклатурасын әзірлеу, істерді қалыптастыру және сақтау, басқарманың мұрағатына істерді тапсыруға қатысады;
электрондық құжатайналымы талаптарына сәйкес қағаз тасығышта және электрондық түрінде құжаттарды әзірлейді, жоғары тұрған лауазымды тұлғаның тапсымаларын, қызметтік құжаттары бойынша тапсырмаларын орындайды. Тапсырмада бірінші болып көрсетілген жағдайда оның орындалуын үйлестіреді;
мәселелерді жоспарлау, дайындау, ақпарат ұсыну, хаттама жүргізу, шешімдерді рәсімдеу бойынша алқалы органдардың мәжілістерін дайындау және іске асыруды жүргізеді. Басқарманың іс-шаралар жоспарын бекіту, қабылданған шешімдерін іске асыру және есеп ұсынуды қамтамасыз етеді;
басқарманың құқықтық актілерін қабылдау рәсімін жүзеге асырады, оны рәсімдеу және орындаумен айналысады;
жеке және заңды тұлғаларға басқарманың қызметі туралы ақпарат (талдамалық баяндамалар, шолу, статистикалық мәліметтер және т.б) ұсыну жөніндегі жұмыстарын жүргізеді;
ақпаратты алу және жіберуді жүзеге асырады;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстар жүргізеді, оларды уақытылы қарау және жауап дайындауды қамтамасыз етеді;
кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды;
«Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар таратылуы шектеулі қызметтік құжаттармен жұмыс істейді
ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 29.07.2021
- 090000, Орал қаласы, Ж.Досмухамедов көшесі №45, 1 қабат, 104 кабинет
-
«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 090000, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 45 үй, 2 қабат, 213 кабинет, анықтама үшін телефон 8(7112) 50-54-06, 24-41-94 электрондық адресі: uraloblfu-kz@bkо.gov.kz (барынша рұқсат етілген файлдар өлшемі 25 мб дейін)