Коммуналдық мүлікті басқару бөлімінің бас маманы D-O-4, 1 бірлік, №07-02 индексі

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146000

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

       

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

          Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

 Мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазымдардың (D-О-4) санаты бойынша төменгі болуына сәйкес, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек;

          Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

 

            Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында әңгімелесуден өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

 

Қосымша ақпарат:

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі

 

 

 

Функционалды міндеттер

        Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдары, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясы, «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін», «Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білуі талаптары.  Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

         Коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктерді жекешелендіру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінің жобасын дайындайды;

облыстық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

заңнамада белгіленген тәртіпте коммуналдық мүлікті жекешелендіру процедурасын жүзеге асырады, соның ішінде жекешелендіру объектілері туралы мәліметтерді gosreestr.kz порталында орналастыру, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру комиссиясы жұмысын ұйымдастырып, өткізуді, сатып алу-сату шарттарының жобасын дайындау мен жасасуды қамтамасыз етеді;

тиісті шартты тиісінше орындаған жағдайда кейiннен сатып алу құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе сенiмгерлікпен басқаруға тиiсiнше жалдаушыға (жалға алушыға) немесе сенiмгерлікпен басқарушыға берiлген объектiлерді тiкелей атаулы сату бойынша жұмыстарды жүргізеді;

 Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жекешелендіру объектісінің құнына бағалау жүргізу үшін әлеуетті бағалаушыны анықтау бойынша жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қажетті құжаттарды дайындайды;

 сатып алушының талабы бойынша жекешелендіру объектілерінің ауыртпалықтары, сондай-ақ егер жекешелендіру объектісі мүліктік кешен ретінде кәсіпорын болып табылса, жекешеленетін кәсіпорынның жасасқан шарттарының кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы туралы ақпаратты жекешелендіру объектісінің теңгерімұстаушысынан немесе оның мемлекеттік басқару органынынан, егер жекешелендіру объектісі мүліктік кешен ретінде кәсіпорын болып табылса, аталған кәсіпорнынан немесе оның мемлекеттік басқару органынынан сұратып дайындайды және ұсынады;

жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органға объектіні жекешелендіруге дейін бұл материалдық құндылықтарды одан әрі орналастыру туралы шешім қабылдауы үшін оған болатын жекешелендіру туралы алдын ала хабар жібереді;

коммуналдық меншікке қабылдауға және оны коммуналдық заңды тұлғаға беруге жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін коммуналдық меншікке қабылдау туралы шешім қабылдайды;

мемлекеттік сатып алу жұмыстарын қамтамасыз етеді, ұйымдастырады және бақылау жүзеге асырады;

заңнамамен белгіленген шарттарды сақтай отырып, сату-сатып алу шарттары бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады;

 заңнамамен белгіленген негіздемелер болған жағдайда  сатып алу-сату шартының бұзылуы жөніндегі жұмысты жүргізеді;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес облыстық коммуналдық мүліктерді жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу үшін (мемлекеттік сатып алуы бойынша құжаттарды рәсімдеудің заңдылығын, уақыттылығын және дұрыстығын қамтамасыз ете отыра) жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қажетті құжаттарды (келісім шарт жобасы, техникалық сипаттама) дайындайды, мемлекеттік сатып алу жоспарын мемлекеттік сатып алу Веб-порталында орналастыруға, оған қажетті өзгертулер мен толықтырулар енгізуге қатысады;

 мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасы талаптарына сәйкес республикалық деңгейдегі құқық қорғау, сот органдарына мемлекеттік мүлікті қабылдау және беру жұмыстарын жүргізеді;

өнімді бөлу жөніндегі Түпкілікті келісім негізінде Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в. компаниясынан құрылысы аяқталған (қайта құру жүргізілген) әлеуметтік нысандарды қабылдау бойынша жұмыстарды жүргізеді;

басқарманың интернет-ресурсына және бұқаралық ақпарат құралдарына бөлімнің жұмысына қатысты ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді;

«Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар таратылуы шектеулі қызметтік құжаттармен жұмыс істейді;

 бөлімнің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

 істердің номенклатурасын әзірлеу, істерді қалыптастыру және сақтау, басқарманың мұрағатына істерді тапсыруға қатысады;

 электрондық құжатайналымы талаптарына сәйкес қағаз тасығышта және электрондық түрінде құжаттарды әзірлейді, жоғары тұрған лауазымды тұлғаның тапсымаларын, қызметтік құжаттары бойынша тапсырмаларын орындайды. Тапсырмада бірінші болып көрсетілген жағдайда оның орындалуын үйлестіреді;

мәселелерді жоспарлау, дайындау, ақпарат ұсыну, хаттама жүргізу, шешімдерді рәсімдеу бойынша алқалы органдардың мәжілістерін дайындау және іске асыруды жүргізеді. Басқарманың іс-шаралар жоспарын бекіту, қабылданған шешімдерін іске асыру және есеп ұсынуды қамтамасыз етеді;

басқарманың құқықтық актілерін қабылдау рәсімін жүзеге асырады, оны рәсімдеу және орындаумен айналысады;

 жеке және заңды тұлғаларға басқарманың қызметі туралы ақпарат (талдамалық баяндамалар, шолу, статистикалық мәліметтер және т.б) ұсыну жөніндегі  жұмыстарын жүргізеді;

ақпаратты алу және жіберуді жүзеге асырады;

 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстар жүргізеді, оларды уақытылы қарау және жауап дайындауды қамтамасыз етеді; 

 кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырады;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды;

ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.10.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.10.2020 – 15.10.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

21.10.2020

Сұхбаттасу орны

090000 город Уральск, ул.Досмухамедова 45, 1 этаж, 104 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7112) 50-54-06