Әкімшілік бөлімінің бас маманы-заңгер, 1 бірлік, № 09-02 индексі

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146000

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану

Қосымша талаптар

          Құзыреттер бойынша қойылатын талаптар:

          Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

          Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

 Мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазымдардың (D-О-4) санаты бойынша төменгі болуына сәйкес, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек;

          Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

 

            Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында әңгімелесуден өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

 

Қосымша ақпарат:

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

________________________________

________________________________

________________________________

 

(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені________________________________________________________________

____________________________________________________________________

___________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыстелефоны__________________________________

____________________________________________________________________

________       ____________________________________

(қолы)           (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік             әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының              

       3-қосымшасы

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

Ф

ФОТО

(түрлі түсті/ цветное,

3х4)

  1. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР
    ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

____________________________

тегi, аты, әкесiнiңаты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 

________________________

(лауазымы/должность, санаты/ категория

болған жағдайда/ при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

Туылған күні және жері/
Дата и место рождения

 

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

 

Оқуорнынбiтiргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

Шетел тiлдерiн бiлуi/

Владение иностранными языками

 

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болған жағдайда)/

Государственные награды, почетные звания(при наличии)

 

Дипломатиялық дәрежесi, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi (болған жағдайда)/
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/

должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/ приема

босатылған/ увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

________________                                                                                      ______________

Кандидаттыңқолы                                                                                                  күні/дата

Подпись кандидата

 

Функционалды міндеттер

        Функционалдық міндеттері:

        Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдары, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясы, «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін», «Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білуі талаптары.  Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Басқарманың қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен Басқарманың мүдделерiн бiлдiредi;

Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Басқармада Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне мониторинг жүргiзудi тұрақты негiзде үйлестiредi;

басқарманың құрылымдық бөлімшесінің қажетті құжаттардың толық пакетін ұсыну арқылы жасаған өтініші негізінде және заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Басқарманың пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді;

заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді;

басқармаға келiп түсетiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiнiң жүйелендiрiлген есебiн және олардың сақталуын ұйымдастыруға қатысады;

басқарманың норма шығармашылық қызметін талдауға және талдау нәтижелері бойынша Басқарма басшысына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізуге қатысады;

тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Басқарманың қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

басқармада Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;

заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Басқарманың құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша Басқарма атынан түсiнiктеме дайындауға қатысады;

басқарма әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Басқарманың басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және Басқарма басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды.

бақылау-қадағалау құзыреті бар мемлекеттік органдардың тексерулеріне талдау, есеп жүргізу жұмысын жүргізеді;

басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізуді ұйымдастырады;

басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді ұйымдастырады;

басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шараларды ұйымдастырады;

басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын әзірлейді және оларды сақтауды ұйымдастырады;

басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысына талдау жүргізеді және ұйымдастырады;

басқармада террористік әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілерді терроризмге қарсы қорғау және олардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау мақсатында іс-шаралар ұйымдастыруға қатысады.

ақпараттық қауіпсіздік жөнінде іс-шараларын ұйымдастырады, жұмыстар жүргізеді

басқарманың  әлеуметтік желілердегі ресми аккаунтын жүргізілуін қамтамасыз етеді;

бөлім қызметінің бөлігі бойынша істердің номенклатурасын әзірлейді, істерді қалыптастыру және сақтау, басқарманың мұрағатына істерді тапсыруды жүзеге асырады;

қағаз тасығышта және электрондық құжатайналымы талаптарына сәйкес электрондық түрінде құжаттарды әзірлейді, жоғары тұрған лауазымды тұлғаның тапсымаларын, қызметтік құжаттары бойынша тапсырмаларын орындайды немесе мерзімдерін ұзартады. Тапсырмада көрсетілген жағдайда бірінші болып оның орындалуын үйлестіреді;

құқықтық және салалық мәселелері бойынша алқалы органдар мәжілістерін дайындау және жүргізуді қамтамасыз етеді;

жеке және заңды тұлғаларға салалық мәселелері бойынша басқарманың қызметі туралы ақпаратты беру үшін (талдамалық баяндамалар, шолу, статистикалық мәліметтер және т.б) материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді;

құқықтық және салалық мәселелері бойынша өз өндірісінде болатын ақпаратты алу және жіберуге қатысады;

тәртіптік  комиссияның қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, тәртіп жаза қолдануды ұсыну үшін материалдар дайындау жұмыстарын жүргізеді;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөніндегі оған тапсырған жұмысты жүргізу, оларды уақытылы қарау және жауап дайындауды қамтамасыз етеді; 

кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырады;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды;

ішкі еңбек тәртібі қағидаларын  сақтайды;

басқарманың интернет-ресурсына және бұқаралық ақпарат құралдарына бөлімнің жұмысына қатысты ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді;

«Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар таратылуы шектеулі қызметтік құжаттармен жұмыс істейді;

бөлімнің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.09.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.09.2020 – 14.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

17.09.2020

Сұхбаттасу орны

090000, Орал қаласы, Ж.Досмухамедов көшесі №45, 1 қабат, 104 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8(7112) 50-54-06