Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының нақты секторды дамыту бөлімі басшысы (уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысында болу кезеңі 30.06.2025 жылға дейін)
Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Жобаны басқару
- Инновациялық менеджмент
Функционалды міндеттер
Ауыл шаруашылығы, ветеринария, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармаларының шығыстарын жоспарлау және атқару мәселелері бойынша нақты секторды дамыту бөлімінің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және олар бойынша қорытындылар әзірлейді, жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджетті бекiту, нақтылау туралы облыстық мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеуге материалдар дайындайды, тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті бекіту, нақтылау туралы облыстық мәслихаттың шешімін іске асыру жөнінде облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеуге материалдар дайындайды, үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджет және аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала) арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеуге материалдар дайындайды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімдігінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы ақпаратты дайындайды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімдігінің іс-шаралар жоспарларын іске асыру туралы ақпаратты дайындайды, жетекшілік ететін облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын келіседі, жетекшілік ететін облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы iске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемелері бойынша экономикалық қорытынды әзірлейді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 22.01.2024
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-11-76