Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының бюджет саясаты және бюджетті жоспарлау, болжау, атқарылуын үйлестіру бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-О-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Инновациялық менеджмент

Қосымша талаптар

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

Функционалды міндеттер

Облыстық бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің жиынтық жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын құрастыруды, бекітуді және жүргізуді жүзеге асырады; облыстық бюджет бойынша міндеттемелерді қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын құрастырады және оларды аумақтық Қазынашылық органына ұсынады; бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша шығыстар көлемдерінің болжамы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді; жоспарлы кезеңге облыстық бюджетті бекіту және нақтылау жөнінде облыстық мәслихат шешімі жобасын әзірлеу бойынша  жұмыстарды  ұйымдастырады; тиісті қаржылық жылға облыстық бюджетті бекіту және нақтылау жөнінде облыстық мәслихат шешімін жүзеге асыру туралы және облыстық бюджетті түзету туралы облыс әкімдігінің қаулысы жобасын әзірлеу бойынша  жұмыстарды  ұйымдастырады; бюджет жобасын және бюджетті нақтылау, түзету және атқару жөнінде ұсыныстар дайындауды және оларды облыстық бюджеттік комиссияға ұсыну бойынша жұмыстарды  ұйымдастырады;  бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға облыс бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін қосымшаларға сәйкес құрастырады, облыс бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебіне түсіндірме жазбаны дайындайды; облыстық жергілікті атқарушы органының резервінен бөлінетін қаражаттарды есептеу және қаржыландыруды жүзеге асырады; облыс әкімдігінің секвестр өткізу туралы қаулысының негізінде заңнамада белгіленген тәртіпте бюджетті түзетуге  қатысады; есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей қаржы жылындағы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті облыс әкімдігіне, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына, ішкі мемлекеттік аудит департаментіне ұсынады, облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебіне түсіндірме жазбаны дайындайды; облыс бюджетінің және облыстық бюджеттің орындалу көрсеткіштері мен материалдарды дайындау және ұсыну, бюджетті атқару жөніндегі материалдарды облыс әкімдігінің интернет-ресурсына ұсыну жұмыстарын ұйымдастырады; жоғары тұрған органдарға ұсыну үшін облыс бюджетінің атқарылуы бойынша ақпаратты, түсіндірме жазбаларды, баяндамаларды дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; облыстық бюджеттің орындалуы барысына мониторинг жүргізеді; облыстық, қалалық, аудандық бюджеттердің орындалуы барысына талдау жасау, талдау нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсыныстарды дайындау бойынша жұмысқа басшылық етеді; төмен тұрған бюджеттерден бюджеттің орындалуы туралы есептерді қабылдау және талдауды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.07.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.07.2023 – 24.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

27.07.2023

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179,

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-10-50