Нақты сектор шығыстары бюджеттік бағдарламаларының орындалуын талдау және мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманы D-О-4 санаты, (негізгі қызметкер бала күту демалысында болуына байланысты 22.02.2023 ж. дейін) 1 бірлік, №05-04

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146000

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

        

         

      

           Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

           Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

          Құзыреттер бойынша қойылатын талаптар:

        стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

          Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

 Мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазымдардың (D-О-4) санаты бойынша төменгі болуына сәйкес, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек;

          Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

 

            Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында әңгімелесуден өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

 

Қосымша ақпарат:

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

________________________________

________________________________

________________________________

 

(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені________________________________________________________________

____________________________________________________________________

___________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________________

____________________________________________________________________

________       ____________________________________

(қолы)           (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік             әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының              

       3-қосымшасы

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

Ф

ФОТО

(түрлі түсті/ цветное,

3х4)

  1. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР
    ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

____________________________

тегi, аты, әкесiнiңаты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 

________________________

(лауазымы/должность, санаты/ категория

болған жағдайда/ при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

Туылған күні және жері/
Дата и место рождения

 

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

 

Оқуорнынбiтiргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

Шетел тiлдерiн бiлуi/

Владение иностранными языками

 

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болған жағдайда)/

Государственные награды, почетные звания(при наличии)

 

Дипломатиялық дәрежесi, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi (болған жағдайда)/
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/

должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/ приема

босатылған/ увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

________________                                                                                      ______________

Кандидаттыңқолы                                                                                                  күні/дата

Подпись кандидата

 

Функционалды міндеттер

       

     

       

       

     

          Функционалдық міндеттері:

          Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдары, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясы, «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін» білуі талаптары.  Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

облыстық жетекшілік ететін бюджеттік бағдарлама әкімшілері бөлінісінде қаржыландырудың жиынтық жоспары міндеттемелер және төлемдер бойынша уақытылы әзірленуіне және қалыптастырылуына, бекітілуіне және жүргізілуіне, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің барлық мемлекеттік мекемелері бойынша бекітілген қаржыландырудың жеке жоспарларының жиынтық сомалары Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының әр бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша және айлар бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарының сомаларына сәйкестігін тексеруге қатысады;

бюджет атқарылуын ұйымдастыру және шығыстарын орындалуы бойынша қадағаланатын облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады:

            - табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы,

                 - ауыл шаруашылығы басқармасы;

ұсынылған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтініштеріне сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгертулер енгізу негіздемесін қарастырады, оларға өзгеріс енгізу бойынша бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларын қалыптастырады;

облыс әкімдігінің облыстық бюджетті нақтылау немесе түзету жөніндегі қаулысының негізінде, бекітілген түрде, жетекшілік ететін бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарларына өзгертулер енгізу бойынша жұмыстар жасайды;

міндеттемелердің уақытылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақытылы жүргізілмеу себептерін анықтау мақсатында бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинауды, бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

республикалық және облыстық бюджеттер есебінен іске асатын нысаналы трансферттер мен кредиттердің (объектілер мен іс-шаралар бөлінісінде) төлемдердің уақытылы игерілмеу себептері көрсетілген жедел ақпаратын әзірлейді;

ай сайын жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісінде міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақытылы орындалмағаны туралы ескертпе-ақпарат береді;

облыстық жетекшілік ететін бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жүзеге асыру мониторингі нәтижелер есебін жинау және тексеру жұмыстарына қатысады;

бюджет мониторингі нәтижесі бойынша облыстық жетекшілік ететін бюджеттің шығыстарының орындалуы туралы аналитикалық есепті дайындайды;

 республикалық және облыстық бюджеттер есебінен іске асатын нысаналы ағымдағы және даму трансферттерді, кредиттерді жүзеге асыру мониторингі нәтижелері туралы жетекшілік ететін бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің есептерін ай сайын жинау және тексеру жұмыстарын жүргізеді;

республикалық және облыстық бюджеттер есебінен бөлінетін және іске асатын нысаналы ағымдағы және даму трансферттерді, кредиттерді жүзеге асыру туралы есепті дайындайды;

жиынтық талдау және бюджеттің атқарылуын үйлестіру бөліміне бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттерді, кредиттерді жүзеге асыру мониторингі нәтижелері туралы және облыстық бюджетті атқару туралы талдамалық есептерді ай сайын ұсынады;

 орталық атқарушы органдарына облыстық жетекшілік ететін бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне ұсынуға олардың әкімшілік ететін бағдарламалары бойынша бөлінген нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер бойынша айлық бөлуді тексеру жұмыстарына қатысады;

 мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларын, қаражаттардың түсу көздерінің негізділігін тексереді;

келесі функционалдық топтамалар бойынша: 10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары», 13 «Басқалар» облыс бюджетінің жылдық есебіне, жылдық есептің анықтамалық жазбасын және қосымшаларын құрауға қатысады.

жоғары тұрған бюджеттен облыстық бюджетке түсетін нысаналы ағымдағы трансферттер, даму трансферттер және кредиттер бөлінісінде тіркеу журналын жүргізеді.

облыстық жетекшілік ететін бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру туралы есепті түсіндірме жазбалармен бірге және әрбір бюджеттік бағдарламалар, бюджеттік инвестициялық жобалар мен іс-шаралар бөлінісінде жинайды және тексереді;

облыстық жетекшілік ететін бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен әрбір бюджеттік бағдарламалар, бюджеттік инвестициялық жобалар мен іс-шаралар  бөлінісінде, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламаларды) нәтижелік көрсеткішіне қол жеткізу туралы ақпаратты әзірлейді;

мемлекттік-жекешелік әріптестіктің келісім шарт жобасын уақытылы тексеру және келісу, сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің, оның ішінде «е-Минфин» автоматтандырылған кіріктіру жүйесі бойынша концессияның шартын тіркеуге арналған өтінімді тіркеу үшін тиісті қазынашылық аумақтық органдарында жіберу;

жетекшілік ететін облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері және жетекшілік ететін салалық төмен тұрған бюджет бойынша желі, штаттар және контингенттер бойынша мәліметтерді жинауға, тексеруге және құрауға қатысады;

облыстық бағдарламалар әкімшілері және төмен тұрған бюджеттермен даму бюджеті бойынша ұсынылатын ақпаратты жинауда, өңдеуде, тексеруде, облыс әкімдігінің бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізуі бойынша қызметінің тиімділігін бағалау үшін ҚР Қаржы министрлігіне ұсынуға жинақталған ақпаратты дайындауға қатысады;

қаржы жылының қорытындысы бойынша республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары, олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуына (толық пайдаланылуына) рұқсат беру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі және Облыс әкімдігі қаулы жобасына ақпарат дайындайды;

республикалық және облыстық бюджеттерден өткен жылы бөлінген нысаналы даму трансферттерінің ағымдағы қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) туралы ақпаратты дайындайды. Аталған трансферттердің ағымдағы жылда игерілмеуі күтілген жағдайда облыстық бюджеттің кезекті нақтылануы немесе түзетілуінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жоғары тұрған бюджетке тиісті мерзімінде қайтаруы үшін уақытылы хат жолдайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша түгел пайдалануға рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерін түгел пайдалану туралы  есепті дайындайды;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, облыс әкімдігі және қаржы басқармасы басшылығының қосымша тапсырмаларын орындайды, мекемелер, жоғары тұрған ұйымдар мен азаматтардың хаттарына жауап дайындайды;

Қазынашылықтың облыстық бюджет көрсеткіштерінің орындалуы (1-27-нысаны) туралы мәліметтерінің «ПАРУС» бағдарламалық қамтамасыз ету мәліметтеріне сәйкестігін тексереді;

істердің номенклатурасын әзірлеу, істерді қалыптастыру және сақтау, басқарманың мұрағатына істерді тапсыруға қатысады;

электрондық құжатайналымы талаптарына сәйкес қағаз тасығышта және электрондық түрінде құжаттарды әзірлейді, жоғары тұрған лауазымды тұлғаның тапсымаларын, қызметтік құжаттары бойынша тапсырмаларын орындайды немесе мерзімдерін ұзартады. Тапсырмада көрсетілген жағдайда бірінші болып оның орындалуын үйлестіреді.  ;

мәселелерді жоспарлау, дайындау, ақпарат ұсыну, хаттама жүргізу, шешімдерді рәсімдеу бойынша алқалы органдардың мәжілістерін дайындау және іске асыруды жүргізеді. Басқарманың іс-шаралар жоспарын бекіту, қабылданған шешімдерін іске асыру және есеп ұсынуды қамтамасыз етеді;

басқарманың қызметі туралы ақпаратты (талдамалық баяндамаларды, шолу, статистикалық мәліметтер және т.б) жеке және заңды тұлғаларға ұсыну үшін құқықтық және салалық мәселелер бойынша өз қызметі саласында материалдарды дайындайды;

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.06.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.06.2020 – 23.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

26.06.2020

Сұхбаттасу орны

г.Уральск, ул. Ж.Досмухамедова 45, 104 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

  г.Уральск, ул. Ж.Досмухамедов  45, 2 этаж, 213 кабинет, телефон, 8(7112) 50-54-06, электронный адрес:  uraloblfu-kz@bkо.gov.kz