Сеңбілік акциясы
2023 жылдың 22 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының мемлекеттік қызметкерлері Орал қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес ұйымдастырылып жатқан «Қала аумағын тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі санитарлық– экологиялық айлық өткізу» шарасына қатысты. Шара барысында Зачаганск шағын ауданы қоқыстан тазарту, терек отырғызу жұмыстары жүргізілді.