Сеңбілік

Жарияланған күні: 08 сәуір 2023

2023 жылдың 8 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының мемлекеттік қызметкерлері Орал қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес ұйымдастырылып жатқан «Қала аумағын тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі санитарлық– экологиялық айлық өткізу» шарасына қатысты. Шара барысында Ж.Молдағалиев көшесіндегі паркінде қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.