Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына сәйкес жүргізіледі.
2020 жылдың 10 айында Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 68 өтініш түскен, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 өтінішке немесе 24% кем түскен.
Оның ішінде, заңды тұлғалардан түскен өтініш 51 немесе ол барлық өтініштердің 75% құраса, жеке тұлғалардан түскен өтініш 17 немесе барлық өтініштердің 25% құраған.
Өткен жылдың балама кезеңінде заңды тұлғалардан 63 өтініш түссе, жеке тұлғалардан 27 өтініш түскен. Талдау көрсеткендей заңды тұлғаның 19% және жеке тұлғалардың өтініші 37% кеміген.
Өтініштер туралы ақпаратты №1 кестеден көруге болады.
№1 кесте
|
№ |
Өтініш субъектілерінің атауы |
2019 жылдың 10 айында түскен өтініштер саны |
2020 жылдың 10 айында түскен өтініштер саны |
|
1 |
Жеке тұлғалар |
27 |
17 |
|
2 |
Заңды тұлғалар |
63 |
51 |
|
Барлығы |
90 |
68 |
Сонымен қатар, талдау жүргізу барысында өтініштердің 8 (12%) коммуналдық мүлік, кадр қызметі 4 (7%) және 50 (81%) өзге сұрақтар бойынша түскендігі анықталды (№2 кесте).
№2 кесте
|
№ |
Өтініште қамтылған сұрақтар |
2019 жылдың 10 айында түскен өтініштер саны |
2020 жылдың 10 айында түскен өтініштер саны |
|
1 |
Коммуналдық мүлік |
37 |
8 |
|
2 |
Кадр қызметі |
8 |
5 |
|
3 |
Өзге салада |
45 |
55 |
|
Барлығы |
90 |
68 |
Өтініштер өтініш берушілердің немесе оларды өкілдерінің қолма – қол, пошта байланысы немесе электронды құжат айналымы арқылы тапсырылған.
2020 жылдың 10 айында Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтінітерін қарау мерзімін бұзу фактілері орын алмаған. Өтініштерді қарастыру және оған жауаптар беру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілген.
Сондай-ақ, өтініштерді қарастыру бойынша мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетін шағымдану фактілері болмады.