Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына сәйкес жүргізіледі.
2020 жылдың 9 айында Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 62 өтініш түскен, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19 өтінішке немесе 23% кем түскен.
Оның ішінде, заңды тұлғалардан түскен өтініш 46 немесе ол барлық өтініштердің 74% құраса, жеке тұлғалардан түскен өтініш 16 немесе барлық өтініштердің 26% құраған.
Өткен жылдың балама кезеңінде заңды тұлғалардан 55 өтініш түссе, жеке тұлғалардан 26 өтініш түскен. Талдау көрсеткендей заңды тұлғаның 16% және жеке тұлғалардың өтініші 38% кеміген.
Өтініштер туралы ақпаратты №1 кестеден көруге болады.
№1 кесте
|
№ |
Өтініш субъектілерінің атауы |
2019 жылдың 9 айында түскен өтініштер саны |
2020 жылдың 9 айында түскен өтініштер саны |
|
1 |
Жеке тұлғалар |
26 |
16 |
|
2 |
Заңды тұлғалар |
55 |
46 |
|
Барлығы |
81 |
62 |
Сонымен қатар, талдау жүргізу барысында өтініштердің 8 (13%) коммуналдық мүлік, кадр қызметі 4 (6%) және 50 (81%) өзге сұрақтар бойынша түскендігі анықталды (№2 кесте).
№2 кесте
|
№ |
Өтініште қамтылған сұрақтар |
2019 жылдың 9 айында түскен өтініштер саны |
2020 жылдың 9 айында түскен өтініштер саны |
|
1 |
Коммуналдық мүлік |
37 |
8 |
|
2 |
Кадр қызметі |
7 |
4 |
|
3 |
Өзге салада |
37 |
50 |
|
Барлығы |
81 |
62 |
Өтініштер өтініш берушілердің немесе оларды өкілдерінің қолма – қол, пошта байланысы немесе электронды құжат айналымы арқылы тапсырылған.
2020 жылдың 9 айында Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтінітерін қарау мерзімін бұзу фактілері орын алмаған. Өтініштерді қарастыру және оған жауаптар беру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілген.
Сондай-ақ, өтініштерді қарастыру бойынша мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетін шағымдану фактілері болмады.