Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына сәйкес жүргізіледі.
2020 жылдың 8 айында Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 50 өтініш түскен, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 өтінішке немесе 29% кем түскен.
Оның ішінде, заңды тұлғалардан түскен өтініш 36 немесе ол барлық өтініштердің 72% құраса, жеке тұлғалардан түскен өтініш 14 немесе барлық өтініштердің 28% құраған.
Өткен жылдың балама кезеңінде заңды тұлғалардан 47 өтініш түссе, жеке тұлғалардан 23 өтініш түскен. Талдау көрсеткендей заңды тұлғаның 23% және жеке тұлғалардың өтініші 39% кеміген.
Өтініштер туралы ақпаратты №1 кестеден көруге болады.
№1 кесте
|
№ |
Өтініш субъектілерінің атауы |
2019 жылдың 8 айында түскен өтініштер саны |
2020 жылдың 8 айында түскен өтініштер саны |
|
1 |
Жеке тұлғалар |
23 |
14 |
|
2 |
Заңды тұлғалар |
47 |
36 |
|
Барлығы |
70 |
50 |
Сонымен қатар, талдау жүргізу барысында өтініштердің 8 (16%) коммуналдық мүлік, кадр қызметі 2 (4%) және 40 (80%) өзге сұрақтар бойынша түскендігі анықталды (№2 кесте).
№2 кесте
|
№ |
Өтініште қамтылған сұрақтар |
2019 жылдың 8 айында түскен өтініштер саны |
2020 жылдың 8 айында түскен өтініштер саны |
|
1 |
Коммуналдық мүлік |
36 |
8 |
|
2 |
Кадр қызметі |
6 |
2 |
|
3 |
Өзге салада |
28 |
40 |
|
Барлығы |
70 |
50 |
Өтініштер өтініш берушілердің немесе оларды өкілдерінің қолма – қол, пошта байланысы немесе электронды құжат айналымы арқылы тапсырылған.
2020 жылдың 8 айында Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтінітерін қарау мерзімін бұзу фактілері орын алмаған. Өтініштерді қарастыру және оған жауаптар беру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілген.
Сондай-ақ, өтініштерді қарастыру бойынша мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетін шағымдану фактілері болмады.