Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына сәйкес жүргізіледі.
2020 жылдың 7 айында Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 47 өтініш түскен, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15 өтінішке немесе 24% кем түскен.
Оның ішінде, заңды тұлғалардан түскен өтініш 34 немесе ол барлық өтініштердің 72% құраса, жеке тұлғалардан түскен өтініш 13 немесе барлық өтініштердің 28% құраған.
Өткен жылдың балама кезеңінде заңды тұлғалардан 41 өтініш түссе, жеке тұлғалардан 21 өтініш түскен. Талдау көрсеткендей заңды тұлғаның 17% және жеке тұлғалардың өтініші 38% кеміген.
Өтініштер туралы ақпаратты №1 кестеден көруге болады.
№1 кесте
|
№ |
Өтініш субъектілерінің атауы |
2019 жылдың 7 айында түскен өтініштер саны |
2020 жылдың 7 айында түскен өтініштер саны |
|
1 |
Жеке тұлғалар |
21 |
13 |
|
2 |
Заңды тұлғалар |
41 |
34 |
|
Барлығы |
62 |
47 |
Сонымен қатар, талдау жүргізу барысында өтініштердің 6 (13%) коммуналдық мүлік, кадр қызметі 2 (4%) және 39 (83%) өзге сұрақтар бойынша түскендігі анықталды (№2 кесте).
№2 кесте
|
№ |
Өтініште қамтылған сұрақтар |
2019 жылдың 7 айында түскен өтініштер саны |
2020 жылдың 7 айында түскен өтініштер саны |
|
1 |
Коммуналдық мүлік |
33 |
6 |
|
2 |
Кадр қызметі |
4 |
2 |
|
3 |
Өзге салада |
25 |
39 |
|
Барлығы |
62 |
47 |
Өтініштер өтініш берушілердің немесе оларды өкілдерінің қолма – қол, пошта байланысы немесе электронды құжат айналымы арқылы тапсырылған.
2020 жылдың 7 айында Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтінітерін қарау мерзімін бұзу фактілері орын алмаған. Өтініштерді қарастыру және оған жауаптар беру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілген.
Сондай-ақ, өтініштерді қарастыру бойынша мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетін шағымдану фактілері болмады.