Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасына 2020 жылдың 5 айында жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарау тәжірибесін талдау

Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына сәйкес жүргізіледі.

2020 жылдың 5 айында Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 35 өтініш түскен, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15 өтінішке немесе 30% кем түскен.

Оның ішінде, заңды тұлғалардан түскен өтініш 26 немесе ол барлық өтініштердің 74% құраса, жеке тұлғалардан түскен өтініш 9 немесе барлық өтініштердің 26% құраған.

Өткен жылдың балама кезеңінде заңды тұлғалардан 30 өтініш түссе, жеке тұлғалардан 20 өтініш түскен. Талдау көрсеткендей заңды тұлғаның 13% және жеке тұлғалардың өтініші 55% кеміген.

Өтініштер туралы ақпаратты №1 кестеден көруге болады.

 

                                                                                                       №1 кесте

№

Өтініш субъектілерінің атауы

2019 жылдың 5 айында түскен өтініштер саны

2020 жылдың 5 айында түскен өтініштер саны

1

Жеке тұлғалар

20

9

2

Заңды тұлғалар

30

26

 

Барлығы

50

35

 

Сонымен қатар, талдау жүргізу барысында өтініштердің 4 (11%) коммуналдық мүлік, кадр қызметі 2 (6%) және 29 (83%) өзге сұрақтар бойынша түскендігі анықталды (№2 кесте).

 

     №2 кесте

№

Өтініште қамтылған сұрақтар

2019 жылдың 5 айында түскен өтініштер саны

2020 жылдың 5 айында түскен өтініштер саны

1

Коммуналдық мүлік

27

4

2

Кадр қызметі

4

2

3

Өзге салада

19

29

 

Барлығы

50

35

 

Өтініштер өтініш берушілердің немесе оларды өкілдерінің қолма – қол, пошта байланысы немесе электронды құжат айналымы арқылы тапсырылған.

2020 жылдың 5 айында Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтінітерін қарау мерзімін бұзу фактілері орын алмаған. Өтініштерді қарастыру және оған жауаптар беру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілген.

Сондай-ақ, өтініштерді қарастыру бойынша мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетін шағымдану фактілері болмады.

 

Дата публикации
22 сентября 2020
Дата обновления
22 сентября 2020
Тип
Азаматтардың өтініштеріне шолу

Сейчас читают

Ақпарат
27 марта 2026
Шоғырландырылған қаржылық есептілік
Ережелер мен рәсімдер
19 мая 2025
2025 жылғы негізгі құқықтық актілердің тізбесі
Ережелер мен рәсімдер
19 мая 2025
Негізгі құқықтық актілердің тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы