Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына сәйкес жүргізіледі.
2020 жылдың 4 айында Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 30 өтініш түскен, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 өтінішке немесе 25% кем түскен.
Оның ішінде, заңды тұлғалардан түскен өтініш 23 немесе ол барлық өтініштердің 77% құраса, жеке тұлғалардан түскен өтініш 7 немесе барлық өтініштердің 23% құраған.
Өткен жылдың балама кезеңінде заңды тұлғалардан 23 өтініш түссе, жеке тұлғалардан 17 өтініш түскен. Талдау көрсеткендей заңды тұлғаның сол қалыпта қалды, жеке тұлғалардың өтініші 58,8% кеміген.
Өтініштер туралы ақпаратты №1 кестеден көруге болады.
№1 кесте
|
№ |
Өтініш субъектілерінің атауы |
2019 жылдың 4 айында түскен өтініштер саны |
2020 жылдың 4 айында түскен өтініштер саны |
|
1 |
Жеке тұлғалар |
17 |
7 |
|
2 |
Заңды тұлғалар |
23 |
23 |
|
Барлығы |
40 |
30 |
Сонымен қатар, талдау жүргізу барысында өтініштердің 4 (13%) коммуналдық мүлік, кадр қызметі 2 (7%) және 24 (80%) өзге сұрақтар бойынша түскендігі анықталды (№2 кесте).
№2 кесте
|
№ |
Өтініште қамтылған сұрақтар |
2019 жылдың 4 айында түскен өтініштер саны |
2020 жылдың 4 айында түскен өтініштер саны |
|
1 |
Коммуналдық мүлік |
23 |
4 |
|
2 |
Кадр қызметі |
4 |
2 |
|
3 |
Өзге салада |
13 |
24 |
|
Барлығы |
40 |
30 |
Өтініштер өтініш берушілердің немесе оларды өкілдерінің қолма – қол, пошта байланысы немесе электронды құжат айналымы арқылы тапсырылған.
2020 жылдың 4 айында Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтінітерін қарау мерзімін бұзу фактілері орын алмаған. Өтініштерді қарастыру және оған жауаптар беру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілген.
Сондай-ақ, өтініштерді қарастыру бойынша мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетін шағымдану фактілері болмады.