«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

2022 жылғы 30 маусымдағы   125  ______________________________№__________

 

Орал қаласы                                                       город Уральск                                                               

 

«Батыс Қазақстан облысының

қаржы басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ережені бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы»                         2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
  2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы №245 «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысы, облыс әкімдігінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы №2, 2018 жылғы 12 маусымдағы №143, облыс әкімдігінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі №203 қаулыларымен енгізілген өзгерістерді қоса қаулыларының күші жойылсын.
  3. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Е.Каюповқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

 

 

Облыс әкімі                                                                     Ғ. Есқалиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Батыс Қазақстан облысы  әкімдігінің 2022 жылғы «30» маусымдағы

№125 қаулысымен бекітілген

 

 

«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру, облыстық бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепті, қаржылық және бюджеттік есептілікті жүргізу салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Басқарма ведомстволары жоқ.
  3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
  6.   Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж. Досмұхамедов көшесі, 45.
  10. Осы Ереже Басқарма құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

             Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

  1. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) облыстың бюджет саясатының негізгі басымдықтарын бюджеттік жоспарлау және қалыптастыру;

2) жергілікті бюджеттің атқарылу барысын ұйымдастыру, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік және бюджеттік есепті, қаржылық және бюджеттік есептілікті жүргізу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттырын жүзеге асыру.

  1. Өкілеттіктері:

          1) құқықтары:

          1-1) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратады және алады;

          1-2) өз құзыреті шегінде мемлекеттің қатысуымен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

1-3) сараптамалар жүргізу және консультациялар беру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардан мамандар, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар тарту;

          1-4) облыстың жергiлiктi атқарушы органына бюджеттiк инвестицияларды тиiмдi жүзеге асыру шараларын іске асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

1-5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды  жүзеге асырады.

          2) міндеттері:

2-1) облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы облыстың бюджеттік комиссиясының ұсыныстары негізінде бюджет қаражатын қысқарту туралы шешімдер қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды уақытша тоқтатады;

          2-2) заңды және жеке тұлғалар бұл туралы ресми сұрау салған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпарат ұсыну;

2-3) «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің және әкімінің актілері жобаларын әзірлеу

2-4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

  1. Функциялары:

1) үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетінің негізгі параметрлерін, жоспарлы кезеңге арналған облыс бюджетінің жобасын әзірлеу;

2) аумақтық салық органымен бірлесіп, жергілікті бюджетке кірістерді болжау;

3) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша шығыстар көлемдерін болжау;

4) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау және олар бойынша қорытындылар әзірлеу;

5) жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджетті бекiту, нақтылау туралы облыстық мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу және оны облыстың бюджеттік комиссиясының қарауына ұсыну;

6) тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті бекіту, нақтылау туралы облыстық мәслихат сессиясының шешімін іске асыру жөнінде облыс әкімдігі қаулысының  жобасын әзірлеу;

7) үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджет және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу;

8) бюджеттік жоспарлау процесін әдістемелік қамтамасыз ету;

9) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық қорытындыларын қарау және әзірлеу;

10) жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;

11) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы iске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың  қаржы-экономикалық негiздемелері бойынша экономикалық қорытынды әзірлеу;

12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаға сараптамаға жіберу;

13) жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаның сараптамасы негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына қорытынды дайындау;

14) тиісті сараптамалар мен келісулер негізінде конкурстық құжаттама бойынша және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүймелдеу жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындылар қалыптастыру және оларды бюджеттік комиссияның қарауына енгізу;

15) бюджеттік комиссия мақұлдаған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін және консультациялық сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыру;

16) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, облыстық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және жүргізуді жүзеге асырады;

17) облыстық бюджеттің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асырады;

18) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыруды және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік ететін түсімдер бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызу процесіне қатысады;

20) бюджет ақшасын басқаруды ұйымдастырады;

21) төлемдердің уақтылы және толық төленуін жүргізуді қамтамасыз ету үшін:

 бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;

облыстық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізеді;

22) міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдауды жүзеге асырады;

23) бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша облыс әкімдігіне жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе-ақпарат береді;

24) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады;

25) бюджеттік есепке алуды жүзеге асырады;

26) ай сайын және жыл қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Бюджет кодексімен көзделген есептерді береді;

27) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді;

28) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың мемлекеттік жоспарлау органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;

29) уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салымдарына орналастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған Бас келісімді жасайды;

30) бюджеттік кредитке қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

31) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өңірдің бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалауды жүзеге асыруы шеңберінде облыс әкімдігіне ақпарат ұсынады;

         32) жергілікті атқарушы органның резервінен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің шұғыл шығыстарына, қолма-қол ақшасының тапшылығын жабуға қаражат бөлу туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімдері жобаларына қорытындылар әзірлеу;

       33) жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізілген жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен қаражат бөлу туралы өтінішхатты қарастыру;

34) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздарын шығаруға, орналастыруға, айналысқа қосуға, қызмет көрсетуге және өтеуге қатысты мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді;

35) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

  1. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы»

мемлекеттік мекемесі басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Басқарма басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) Басқарма жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

2) Басқарма басшысы орынбасарларының, бөлім басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

4) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

6) Басқарма бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;

9) гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

10) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

         Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

 

  1. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы»
    мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы»

мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

Ереже
Дата публикации
30 июня 2022