«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау нәтижелері бойынша
талдамалық анықтама
30.04.2022 жыл Орал қаласы
Талданатын объект: «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8 бабының 2 тармағы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2022 жылғы 29 наурыздағы №160-н «Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысының Н.Есенгалиевтың бұйрығы негізінде өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі: 29.03.2022 ж – 29.04.2022 ж.
Талдау кезеңі:01.04.2021 ж.-01.04.2022 ж.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша 6 тәуекелдер анықталды және 7 ұсыным берілді.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.
Басқарма 8 бөлімнен тұрады: Жиынтық талдау және бюджеттің атқарылуын үйлестіру, әлеуметтік салада шығыстардың атқарылуын талдау және мониторинг жүргізу, мемлекеттік қарыз алу және бюджеттік кредиттеу, нақты сектор шығыстары бюджеттік бағдарламаларының орындалуын талдау және мониторинг жүргізу, бюджеттік есепті жүргізу, жергілікті бюджеттің жиынтық есебін құрастыру, коммуналдық мүлікті басқару, мемлекет қатысатын заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі, әкімшілік бөлімдер.
Басқарманың 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құрылтайшылары болып Батыс Қазақстан облысының Әкімі атынан «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі арқылы, заңды тұлға болып табылады, олар:
1) «Ақжайық» шипажайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2) «Aqjaiyq Atameken» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауының мәні:
I.Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарма өз қызметінде «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Талдау кезеңінде басқарманының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық нормалар болуына талдау жасалды.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
Алайда, аталған тармақта тендерге қатысушымен шарт жасау және жасамау мүмкіндігі де рұқсат етіледі. Бұл мәселені құрылтайшы өз мүдделерінен шығып шеше алады.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.
Ұсыным:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» бұйрығы 34 – тармағы 4 абзацын алып тастауға қатысты ұсыныспен хат жолдау.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) өзгерістер енгізілді. Заңның 7-бабы 4-тармағының, 18-1 бабының нормаларына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне иелік етеді және басқарады.
Алайда, Заңның 10-бабымен жергілікті өзін-өзі басқарудың мүлігін облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беру немесе керісінше беру тәртібі реттелмеген.
Осыған байланысты, жергілікті өзін-өзі басқарудың мүлігін облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беру немесе керісінше беру рәсімін жүргізу барысында жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғалары аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне жүгінуі қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасында республикалық меншіктен мүлікті жергілікті өзін-өзі басқарудың меншігіне беру тәртібі реттелмеген.
Өз кезегінде, республикалық меншіктен мүлікті жергілікті өзін-өзі басқарудың меншігіне беру барысында жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғалары облыс әкімдігіне жүгінуі қажет.
Бұл мәселені аудан (облыстық маңызы бар қала), облыс әкімдіктері өз мүдделерінен шығып шеше алады.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.
Ұсыным:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 10-бабына өзгеріс еңгізуге қатысты ұсыныс хат жолдау.
1) Комиссия хаттамасы;
2) авария жағдайында - тиісті лауазымды адам жасаған және бекіткен оқиға актісінің немесе оқиға болған жерді қарау хаттамасының көшірмесі;
3) дүлей зілзала жағдайында - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың, апаттардың себептерін тексеру актісінің көшірмесі.
Алайда, жабдықтың және басқа мүліктің ақаулары, кемшіліктері, ақауларына қатысты шынайы деректерді ұсынбау мәселері туындайды.
Уәкілетті органның жауапты тұлғасы бұл мәселені өз мүдделеріне сүйене отырып шеше алады.
Осы ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.
II.Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Талдау жүргізу барысында Басқарманың ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
III.Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны-33, нақты саны - 33.
2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бос вакансиялар жоқ.
Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған мемлекеттік қызметшілер саны -1 (таза ауысушылық бойынша –1) болып, таза ауысушылық 3%-ды құрады.
Талдау кезеңінде жалпы конкурс қорытындысы бойынша 1 адам (Басқарманың мемлекет қатысатын заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкер бала күту демалысында болуына байланысты 17.05.2023 ж. дейін) бос лауазымына Сильваев Ерген Аманбаевичтың) тағайындалды.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде аффилирлену фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.
Басқарма қызметкерлерін кадрлық тағайындау ҚР БП ҚС ж АЕ АК және Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы тексеру жүргізгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.
Басқарма қызметкерлерімен акциялар, пайлар, жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ.
Басқармада коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ.
Талданып отырған кезеңде басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.
Талданып отырған кезеңде 3 мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік шара қолданылды.
Яғни, 2021 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен анықталған бұзушылықтарды жоюға және тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамасы негізінде, өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы коммуналдық мүлікті басқару бөлімінің бас маманы С.Сарсенгалиеваға, 2021 жылғы 13 сәуірдегі облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиевтың төрағалығымен өткен жедел штаб шешіміне сәйкес Орал қаласының емханалары жанындағы мобилді бригадаларын автокөлікпен қамтамасыз ету мақсатындағы тапсырмасын уақтылы берілмегені үшін, өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін басқармасы басшысының орынбасары Ф.Раджаповаға 2021 жылғы мамыр айында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Батыс Қазақстан облысының жергілікті мемлекеттік органдарының қызметіне жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша басқарманың персоналды басқару бағытында жіберілген бұзушылықтар үшін, басқарманың әкімшілік бөлімінің басшысы А.Ергалиеваға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.
Талдау жүргізу барысында 1 әкімшілік лауазымның ұзақ мерзімде бос болу фактісі анықталды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 38-бабына сәйкес, облыстық атқарушы органдар басшыларының міндеттерін үш айдан аспайтын кезеңге уақытша жүктеуге жол беріледі.
Басқарма басшысы Д.Имашев басқа мемлекеттік органга 2021 жылдың 15 ақпан айынынан бастап ауысу тәртібімен тағайындалды. 15.02.2021 жылғы №15-ө облыс әкімінің өкімімен басқарма басшысының міндетін уақытша атқару міндеті басқарма басшысының орынбасары Н.Есенгалиевке жүктелді.
Басқарма басшысы лауазымы 2021 жылғы 15 ақпан мерзімнен бастап 2021 жылғы 19 қазанға дейін бос лауазымы болып тұрды.
Лауазымның ұзақ мерзімді бос болуы сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.
Ұсыным: Мемлекеттік қызмет істері БҚО бойынша Департаментіне мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларын түсіндіру бойынша семинар өткізуге ұсыныс хат жолдансын.
IY.Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау кезеңінде Басқармада бос лауазымдарға орналасу және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Y.Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ережеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету Басқарманың құзыреттілігіне кірмейді.
Ережеге сәйкес Басқармада рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.
YII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ережеге сәйкес Басқармада бақылау және қадағалау функциялары жоқ.
YIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданып отырған кезеңде Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 150 өтініш келіп түсті, оның ішінде 34 өтініш жеке тұлғалардан, 115 өтініш заңды тұлғалардан және 1 ұжымдық өтініш. Қайталанған 1 өтініш тіркелген.
Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштер келесі негізгі топтар бойынша құрылады:
- оқуға шақыру мәселелері бойынша;
- коммуналдық меншік саласы бойынша;
- коммуналдық мүліктерді жалға беру бойынша;
- еңбек өтілін растайтын анықтама беру бойынша,
- бюджетке қате аударылған төлемдер.
Талдау барында өтініштердің жауаптарында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауап берушіге уәкілетті органның жоғары тұрған лауазымды тұлғасына немесе сотқа шағым жасауға құқығыңыз бар екендігін хабарланады, алайда жоғары аталған әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес деп сілтемесі жасалмаған.
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өтініш берушінің жүгіну туралы ақпаратқа сілтемесінің болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.
Ұсыным: жауапты қызметкерге Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша Басқармада құқықтық оқыту ұйымдастырып, мемлекеттік қызметшілерге алдағы уақытта өтініш жауаптарында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес дұрыс рәсімделуін қадағалау тапсырылсын.
Басқарманың 2021 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 72 260 699,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 72 257 327,4 мың теңге немесе 100% құрады. Игерілмегені 3 371,6 мың теңге құрады.
Басқарманың 2022 жылғы 1-тоқсанына бекітілген жоспарына сәйкес 22 986 408 мың теңге қарастырылды, игерілгені 100% құрады.
2021 жылы Басқарма «Облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық теннис бойынша резерв мектебін» сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер өткізген болатын.
Тендерге немесе жабық тендерге қатысу үшін кепілдік жарна сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда әрбір объект үшін жеке белгіленеді:
-оның бастапқы бағасының он бес проценті мөлшерінде кейіннен сатып алу құқығымен;
-оның баланстық құнының үш пайызы мөлшерінде кейіннен сатып алу құқығынсыз.
Алайда құрылтайшы кепілдік жарнаның мөлшерін дұрыс есептемегендігі анықталды, іс жүзінде құрылтайшымен 20901,5 мың теңге сомасы белгіленген, мүліктік кешен құны 26959,4 мың теңге сомасында есептеу керектігі белгілі болды, айырмашылық 6059,9 мың теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларының 5-тарауының 19-тармағын бұза отырып, кепілдік жарнаның мөлшері ұлғаю жағына қарай дұрыс есептелмеді.
Ұсыным:
Анықталған кемшіліктерді болдырмау мақсатында Сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерлік комиссия мүшелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Ережеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету Басқарманың құзыреттілігіне кірмейді.
«Ақжайық» шипажайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Ақжайық» шипажайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (одан әрі қарай-ЖШС) директорының 2022 жылғы 9 наурыздағы №18 бұйрығымен мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
I.Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Өз қызметінде ЖШС Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, 2013 жылғы 17 маусымдағы №2 хаттамасымен қабылданған Жарғыны басшылыққа алады.
ЖШС мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын алады.
Талдау кезеңінде ЖШС қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін нормалар болуына талдау жасалды.
ЖШС өз қызметінің мақсаттарына жету үшін, өз атынан Қазақстан Республикасының қандай болса, оның шегінде де сол елдің заңына сәйкес солай жасауға, мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иеленуғе, мойнына міндеттемелерді алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
ЖШС өзінің қатысушыларының талап етуі бойынша ЖШС қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпаратты 10 жұмыс күн ішінде беруге міндетті. Үлестерді сатып алушыларға шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы ақпаратты беру ЖШС Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Ақпаратты беру тәртібі мен көлемі Жарғыда және үлестерді сатып алу туралы алдын ала жасалатын шартта белгіленеді.
Талдау барысында ЖШС пен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін Жарғы мен ішкі нормативтік құжаттар зерделенді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен ережелерді талдау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.
II.Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Талдау жүргізу барысында ЖШС-ның ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
III.Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
2021- ЖШС штат саны- 72 , нақты саны- 72 адам.
Кадрларды іріктеу штаттық кесте және әкімшілік лауазымына арналған қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
01.04.2021-01.04.2022 жылдары аралығында өз өтініштері бойынша 2 адам жұмыстан босатылды.
Мекемеде теріс себептер бойынша босатылған тұлғалар болған жоқ.
ЖШС директоры еңбек қатынастарын реттейтін басқа да формалар негізінде қызметкерлерді жұмысқа алуға құқылы. ЖШС жұмыс істейтін барлық қызметкерлер үшін еңбек ақыны анықтайды. Еңбек шарттарында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген кепілдіктерді қарастырады, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және заңнамамен белгіленген тәртіппен олардың денсаулығы мен еңбек қабылеттілігі үшін жауапты болады.
Талдау кезеңінде ЖШС бос лауазымдарына орналасуға хабарлама беріліп, жұмысқа қабылдаулар конкурстық қағидалар негізінде өткізіледі. 2021 жыл ішінде 1 медициналық қызметкер және 2 кіші қызметкер қабылданған, ішкі талдау барысында жаңа орындарға қызметкерлерді қабылдау кезінде бұзушылықтар анықталмады.
ЖШС қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік сипаттағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданылмаған.
IY.Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
ЖШС Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес ЖШС қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. ЖШС қызметінде жақын туыстары (ата-анасы (ата-анасы), жұбайы, балалары, асырап алушылар (асырап алушылар), эвтанизацияланған (асырап алынған), толық және толық емес аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) атқаратын лауазымға тікелей бағынатын бос лауазымдарды атқару кезінде тиесілілік фактілері анықталмаған.
Y.Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Жарғыға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету функциялары ЖШС-ның құзыреттілігіне жатпайды.
Жарғыға сәйкес рұқсат беру функциялары ЖШС-ның құзыреттілігіне жатпайды.
YII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуек елдерін анықтау.
Жарғыға сәйкес бақылау және қадағалау функциялары ЖШС-ның құзыреттілігіне жатпайды.
YIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
ЖШС жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
2021 жылдың 1 сәуір – 2022 жылдың 1 сәуір айлары аралығында ЖШС жеке және заңды тұлғалардан барлығы 28 өтініш түскен, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 өтінішке көбейген.
Оның ішінде, заңды тұлғалардан түскен өтініш 16 немесе ол барлық өтініштердің 56% құраса, жеке тұлғалардан түскен өтініш 12 немесе барлық өтініштердің 44% құраған.
Өткен жылдың балама кезеңінде заңды тұлғалардан 26 өтініш түссе, жеке тұлғалардан 12 өтініш түскен. Талдау көрсеткендей заңды тұлғаның 48% ұлғайған және жеке тұлғалардың өтініші 17% өскен.
Көптеген өтініштер ауызша айтылып, шешімдерін тауып жатады. Өтініштер өтініш берушілердің немесе оларды өкілдерінің қолма – қол, пошта байланысы немесе электронды құжат айналымы арқылы тапсырылған.
Талдау кезенінде ЖШС түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімін бұзу фактілері орын алмаған. Өтініштерді қарастыру және оған жауаптар беру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілген.
Сондай-ақ, өтініштерді қарастыру бойынша іс-әрекетін шағымдану фактілері болмады. Серіктестікте сыбайлас жемқорлық көріністері фактісі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері анықталған жоқ.
Бухгалтерлік есеп пен есептілік ЖШС есеп саясатына, ЖШС қаржылық қызметін дұрыс қамтамасыз ету және есеп беру тәртібін анықтайтын басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Серіктестікке қатысты корпоративтік даулар бойынша сот актілері шығарылған жоқ.
ЖШС Жарғысына сәйкес жасырын қызметтер көрсету құзыреттілігіне жатпайды.
«Aqjaiyq Atameken» микроқаржы ұйымы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Aqjaiyq Atameken» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (одан әрі қарай-ЖШС) директорының 2022 жылғы 11 наурыздағы №1 бұйрығымен мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
I.Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
ЖШС өз қызметін «Микроқаржы қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңына, Жарғыға, сондай-ақ ЖШС ішкі нормативтік құжаттарына (Ережелер, нұсқаулықтар, ережелер, ережелер) сәйкес жүзеге асырады, құрылымдық бөлімшелер бойынша және т.б.) .
Талдау барысында ЖШС пен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін Жарғы мен ішкі нормативтік құжаттар зерделенді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен ережелерді талдау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.
II.Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
ЖШС барлық жергілікті құжаттар ұлттық заңнама нормаларына қатаң сәйкес әзірленген, жалпы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және жолын кесу үшін барлық қажетті шаралар қабылданады.
Кепіл тексеру ЖШС ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. ЖШС өз қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің көрінісін жоюға ұмтылады, сондықтан, мысалы, кепіл саясатының талаптары шеңберінде қажетті бағалау рәсімін жүргізу кезінде Қарыз алушыға тек бағалау критерийлері көрсетіледі, бұл ретте бағалаушыны іздеу дербес жүзеге асырылады.
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. ЖШС өз қызметін несиелік әкімшілер ұсынған қаржылық және бухгалтерлік құжаттамаға ғана сүйене отырып, қарыз алушылармен өзара әрекеттесусіз жүзеге асырады. Нені зерттей келе, ол өзінің сараптамалық қорытындысын береді, бұл өз кезегінде Қарыз алушының сараптамалық бағасын берудегі объективтілікті растайды.
Талдау жүргізу барысында ЖШС ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Ұсыным:
Заңгер кемінде жарты жылда бір рет кредиттік басқарушымен бірге кепілзат объектісі орналасқан жерге баруды ұйымдастыру.
III.Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
2021- ЖШС штат саны-7, нақты саны-7 адам.
Кадрларды іріктеу штаттық кесте және әкімшілік лауазымына арналған қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
01.04.2021-01.04.2022 жылдары аралығында өз өтініштері бойынша 2 адам жұмыстан босатылды.
Мекемеде теріс себептер бойынша босатылған тұлғалар болған жоқ.
ЖШС директоры еңбек қатынастарын реттейтін басқа да формалар негізінде қызметкерлерді жұмысқа алуға құқылы. ЖШС жұмыс істейтін барлық қызметкерлер үшін еңбек ақыны анықтайды. Еңбек шарттарында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген кепілдіктерді қарастырады, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және заңнамамен белгіленген тәртіппен олардың денсаулығы мен еңбек қабылеттілігі үшін жауапты болады.
Талдау кезеңінде ЖШС бос лауазымдарына орналасуға хабарлама беріліп 2021 жыл ішінде 2 қызметкер қабылданған, ішкі талдау барысында жаңа орындарға қызметкерлерді қабылдау кезінде бұзушылықтар анықталмады.
ЖШС қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік сипаттағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданылмаған.
IY.Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
ЖШС Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес ЖШС қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. ЖШС қызметінде жақын туыстары (ата-анасы (ата-анасы), жұбайы, балалары, асырап алушылар (асырап алушылар), эвтанизацияланған (асырап алынған), толық және толық емес аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) атқаратын лауазымға тікелей бағынатын бос лауазымдарды атқару кезінде тиесілілік фактілері анықталмаған.
Y.Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Жарғыға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету функциялары ЖШС-ның құзыреттілігіне жатпайды.
Жарғыға сәйкес рұқсат беру функциялары ЖШС-ның құзыреттілігіне жатпайды.
YII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Жарғыға сәйкес бақылау және қадағалау функциялары ЖШС-ның құзыреттілігіне жатпайды.
YIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
ЖШС жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер тіркелген жоқ.
Бухгалтерлік есеп пен есептілік ЖШС есеп саясатына, ЖШС қаржылық қызметін дұрыс қамтамасыз ету және есеп беру тәртібін анықтайтын басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
ЖШСқатысты корпоративтік даулар бойынша сот актілері шығарылған жоқ.
ЖШС Жарғысына сәйкес жасырын қызметтер көрсету құзыреттілігіне жатпайды.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау барысында қаржы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте, кадр мәселесі және басқа да бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
ҰСЫНЫМДАР:
Басқарма басшысы Н. Есенғалиев
Жұмыс тобының мүшелері:
|
|
Ф.Т.Раджапова
|
|
|
Б.С.Айберстиев
|
|
|
И.М.Газизова
|
|
|
Н.Л.Кайсагалиева
|
|
|
А.Т.Кадыров
|
|
|
В.С.Исинжулова
|
|
|
Н.Б.Хамбетов
|
|
|
Т.М.Сериков
|
|
|
А.Р.Ергалиева |