logo

Меню

Страницы

Статья

Доклад акима района-12.10.2021

Құрметті брифингке қатысушылар, телекөрермендер!

Қазақстан деп аталар қара шаңырағымыз тәу етер Тәуелсіздіктің 30 жылына қадам басты. Үш он жылдық тарихи өлшем бойынша аса ұзақ уақыт емес. Солай бола тұра, көзі ашық, көкірегі ояу отандастарымыз өткенге үңіліп, жылдар жылнамасын парақтаған сайын жемісті жетістік барын аңғарар еді. Ең алдымен, егемендікке қол жеткізгелі бері ел еңсесін тіктеді. Халықтың әл-ауқаты артып, тұрмысы түзелді. Қысқа мерзім аралығында әлеуметтік дамудың әлеуетті жолын таңдап алдық.

Сөйтіп ата-бабамыздың ғасырлар бойы армандаған қастерлі арманына қолымыз жетті.

Тәуелсіз ел болған 30 жылдың ішінде біздің аудан үшін де әр жылдың өз қиыншылықтары, сонымен қатар толайым табыстары болды.

Осы жылдар ішінде елімізде әр сала бойынша жүргізілген реформалар Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік -экономикалық қиыншылықтарды жеңе білуге өз септігін тигізе білді. 

Тәуелсіздік жылдарында аудан тіршілігінің әр саласында жүзеге асырылып жатырған жұмыстарға назарларыңызды аударғым келеді.

Қаратөбе ауданы 1928 жылы құрылды. Аудан – облыстың  оңтүстік шығысында орналасқан. Жерінің жалпы аумағы – 10,0 мың шаршы км. Халық саны – 15 408 адам. Бүгінгі таңда құрамында 8 ауылдық округ, 22 елді-мекен бар.

Аудан облыстың 3 ауданымен және Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі. Аудан аумағы арқылы Самара-Шымкент, Қаратөбе – Сырым тас жолдары өтеді.

Ауданның негізгі саласы ауылшаруашылығы,соның ішінде мал шаруашылығы болып табылады.

Аудан экономикасында ауыл шаруашылығы саласының үлес салмағы көп екені белгілі. 1991 - 1999 жылдардағы елеулі дағдарыс ауыл шаруашылығында басталды.

Нарық жағдайында аграрлық сектордың басты бір саласы - мал шаруашылығының халі мәз болмай, едәуір төмендеді. Малдың саны жылдан-жылға азайып отырды.

Мысалға атап өтсек 1991 – 1999 жылы аудан бойынша ірі қара және жылқы малының басы 2 есе, қой - ешкі малының басы 4 есе кеміді.       

2002-2005 жылдары Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ауыл жылдары» деп жариялады. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған ауқымды шаралар ауылдың дамуына үлкен септігін тигізді. Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа реформалары жасалынды. Мемлекет тарапынан нақты салалық бағдарламалар жүзеге аса бастады. Атап айтқанда «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» т.б. бағдарламалар аясында мал шаруашылығын дамыту бағытында,мал басының өсімін көбейту мақсатында 2010 - 2020 жылдар аралығында жалпы 616,1 млн теңгеге 1 442 бас МІҚ, 284 бас жылқы және 828 бас қой малы сатылып алынды.

Сонымен қатар мал шаруашылығын қаржылай қолдау бағытында аудан шаруашылықтары 2013 – 2020 жылдары аралығында мемлекет тарапынан 1 млрд. 885 млн теңге көлемінде субсидия алды.

Бүгінгі күнге ауданымыз бойынша 424 ауылшаруашылық құрылымдары жұмыс істеуде.

Ауданымызда 41 152 бас ірі қара малы, 97 919 бас қой-ешкі, 12 953 бас жылқы, 7 бас түйе өсірілуде. Аталған төрт түлік мал санының басы жылдан жылға өсуде.

Өздеріңізге белгілі қазіргі заман талабына сәйкес әр саланың да талабы болады. Осы саладағы міндеттердің бірі жоғары өнімді асыл тұқымды мал басы санын көбейту.

Ауданда асыл тұқымды мал басын өсіру 2006 - 2007 жылдардан жүзеге аса бастады. Алғашқы жылдары 3 шаруашылық 378 бас Қазақтың ақбас тұқымды сиырын бағуды қолға алса, кейін мемлекеттік бағдарламалар мен қолдаулардың арқасында ауданда 23 шаруа қожалығы асыл тұқымды мал өсірумен айналысуда.

Анықтама: МІҚ (4 858 бас с.і. ақбас-3753, абердин-ангус-648, герефорд – 447, әулиекөл – 6, шароле - 4 ), жылқы (110 бас, көшім-23, жабы-87), қой (2147 бас, с.і. құйрықты қылшық жүнді қойы-2127, еділбай           - 20)

Соның ішінде 12 репродуктор шаруа қожалығы болып табылады.

Биылғы жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 8 айда 4 669,4 млн. теңгені құрап отыр.

Анықтама (өсімдік шаруашылығы – 1,211,8 млн.тг, мал шаруашылығы -  3,446,5 млн.тг), өткен кезеңмен салыстырғанда 3,8% артты.

Сондай ақ әр түрлі мемлекетік бағдарламалар бойынша  қаржылық институттар және өздерінің қаржылары арқылы жыл сайын ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының материалдық-техникалық базасыда жаңартылып келеді.

Машина-тракторлық парктерді жаңарту мақсатында ағымдағы жылы 36 трактор және 63 дана мал азығын дайындау құрылғылары сатып алынды.

Аудан шаруашылықтарының техникалық паркі мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулардың арқасында соңғы жылдары 25 % жаңарды.

Соңғы 2 жылда аудан шаруашылықтары көп жылдары көңіл бөлінбей келе жатырған егіс шаруашылығымен айналысуды қолға алуда.

Анықтама: (2020 жылы – 120 га (күздік бидай – 60, сорго - 60) «Маңғы» ЖШС, 2021 жылы - 475 га (с.і. күздік бидай 120, арпа 160, тары 45, сорго 120, донник 30) «Маңғы» ЖШС – 260 га, «Батыс» ЖШС – 145 га, «Қоржын» ШҚ – 70 га.).

Ауданымызда мал шаруашылығын ашамын немесе өз кәсіптерін одан әрі дамытамын деген адамдарға соңғы жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге 7 рет конкурс өткізіліп, жалпы көлемі 121 000 га құрайтын 110 жер учаскелері берілді. 

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай шағын бизнес - дамыған нарықтық экономиканың бөлінбес бір бөлігі. Шағын бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етеді. Сондықтанда, кәсіпкерлікті дамыту еліміздің жүзеге асырып жатқан стратегиялық бағыттарының бірі болып қала бермек. 

Бүгінде жеке кәсібін ашамын деген немесе өз кәсібін одан әрі дамытатын азаматтарға мемлекет тарапынан қомақты қолдаулар көрсетіліп келеді. Жеңілдетілген несиелер, гранттар мен демеу қаржылар бизнесті қолдаудың нақты дәлелі.

Ауданымызда 2016 жылы 572 шағын, орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасаса, бүгінгі таңда іске асырылып жатырған мемлекеттік бағдарламалар арқасында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 1011  кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп отыр.

(978 нақты жұмыс жасап тұрған субъектілер, жұмыспен қамтылғандар саны 1201 адам)

Ауданда 8 шағын цех жұмыс жасайды. Оларда 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Анықтама: 4 - нан өнімдері, 1- пластик терезе жасау, 1- ет өнімін шығару, 1 -  жүн түту жұмыстары, 1- көрпе тігу.

Аудан бойынша 2017 – 2020 жылдары аудан кәсіпкерлерімен жалпы құны 948,2 млн теңгені құрайтын 21 инвестициялық жобалар іске асырылды.

Биылдың өзінде ауданымыздың кәсіпкерлерімен құны 212,0 млн теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылуда.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданымыз бойынша өз кәсіптерін ашуға және дамыту үшін 229 адам, 760,7 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несиелар алса, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша өткен 4 адам 143,2 млн теңге алды.

Ауданымыз бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында соңғы 3 жылда көлемі 1,26 га құрайтын 28 жер учаскесіне 5 мәрте аукциондар өткізілді.

(Соның негізінде аудан бюдженіне 1,3 млн қаржы түсті)

Құрылыс саласы қай елде болса да – экономиканың негізгі барометрі болып саналатыны белгілі. Соның ішінде тұрғын үй құрылысының орны ерекше екенін атап өтуіміз керек.

Жалпы ауданымыз бойынша Тәуелсіздік жылдары тұрғын үй кезегіндегі тұрғын үйге мұқтаж азаматтарымызды баспанамен қамту мәселесі кенже қалған емес.

Соның айғақ дәлелі қиындық жылдары аудан өз күшімен  әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында  13 пәтер салып, қолданысқа берді.

Сонымен бірге 2004-2006 жылдары аралығында ауданның ішкі күштерін жұмылдыра отырып, әкімшілік ғимараттар бой көтерді.

(Қаратөбе,  Шөптікөл, Жусандой ауылдық округі әкімшілігі, қаржы бөлімі, шығармашылық үйі, зейнетақы төлеу орталығы, әділет басқармасының ғимараты)  

Осы мақсатта «Қол жетімді тұрғын үй - 2020», «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында 2006 – 2020 жылдары ауданда 136 тұрғын үй салынып, 139 отбасы баспанамен қамтылды.

Қазіргі таңда аудан бойынша 276 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Осы қажеттіліктерді жою мақсатында бірқатар жұмыстар жолға қойылуда.

Осы тұрғын үй қажеттілігін өтеу үшін жоба құны – 100,8 млн теңгені құрайтын Қаратөбе ауылындағы үш 4 пәтерлі бір қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.  

Сондай-ақ «Темірауыл-1» тұрғын кешеніндегі жоба құны 773,2 млн теңге құрайтын 83 бірпәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жоспарлануда.

Аудан бойынша 2017 – 2021 жылдары тұрғындарға жеке үй салу мақсатында 231 жер теліміне сыртқы инженерлік инфрақұрылым желілерін (су – 13,4 км, электр жарығы – 9,7 км, газ – 9,0 км) тарту жұмыстары жүргізілді.

Өздеріңізге мәлім ауданымыздың бір мақтанышы жер асты суының мол қорының болуы. Бұл туралы Кеңес үкіметінен танымал су көздері бар екені белгілі. Ауданымыздағы «Тышқантай» су қоры көзінен аудан елді-мекендерін және көршілес аудандарды таза ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілгені белгілі.

Кеңес үкіметі құлағаннан кейін сумен қамту жүйесінің тозуы есебінен көпшілік желілері істен шығып, алыс елді мекендерде таза су мәселесі туындағын болатын. Тәуелсіздік жылдары аталған мәселелерді шешу бағытында бірқатар шаралар атқарылды.

Атап айтқанда 2005 - 2009 жылдар аралығында «Таза су» бағдарламасының аясында 7 елді-мекенде (Қарақамыс, Қоржын, Шөптікөл, Қалдығайты, Ақтай, Қоскөл, Егіндікөл), 2011 – 2018 жылдар аралығында «Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде аясында Ханкөл, Қаратөбе елді -мекендерінің ауылішілік су құбыры, Қаратөбе су көзінен Шөптікөл, Соналы, Үшағаш, Сулыкөл, Үшана ауылдарын сумен жабдықтау құрылысы жүргізілді.

Сонымен қатар ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында Жусандой ауылының ауылішілік су құбыры құрылысы аяқталды.

(Мердігер «Сәт Сервис» ЖШС, Жоба құны – 309,9 млн теңге, келісім шарт құны 285,4 млн теңге, су құбырының ұзындығы 13,1 км )

Бүгінгі күнде аудан бойынша 22 елді-мекеннің 13 елді-мекені  орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған (Қаратөбе, Шөптікөл, Соналы, Үшағаш, Сулыкөл, Үшана, Қарақамыс, Қоржын, Ақтайсай, Қоскөл, Егіндікөл, Жусандой, Ханкөл) Бұл аудан халқының 91,3 % құрайды.

Анықтама: 9 елді-мекен орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтылған (Төлен, Темірбек, Сауле, Аққозы, Бесоба, Қосбаз, Алакөл, кіші Қөскөл, Шалғын 8,7 %).

Қазіргі таңда ауданымыздың 6 елді-мекенінің тұрғындарын таза сумен қамту мақсатында (Төлен, Сәуле, Қарақамыс, Алакөл, Бесоба, Шалғын) жоба құндары 58,2 млн. теңгеге 4 жоба бойынша жобалық – сметалық құжаттамалар жасақталуда. Аталған жобалар жүзеге асқан жағдайда орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 99,4% құрайтын болады.

Тәуелсіздік жылдардағы ауданымыздың ең ірі жетістігі деп  ауданның толықтай көгілдір отынмен қамтамасыз етілуін атап өтуге болады.

Ауданымызда ең алдымен 2010 жылы аудан орталығы Қаратөбе және Шөптікөл ауылына газ құбыры жүргізіліп, көгілдір отынмен қамтылды.

2011 - 2012 жылдары Үшағаш, Соналы, Сулыкөл  ауылдарына көгілдір отыны жеткізілсе, 2013 - 2014 жылдары 5 елді мекен (Қарақамыс, Сауле, Қоржын, Бесоба, Жусандой) көгілдір отынмен қамтылды. 2014 - 2015 жылдары 8 елді мекен, атап айтқанда  Үшана, Төлен Алакөл, Ақтайсай, Ханкөл, Қоскөл, Шалғын, Егіндікөл табиғи газбен қамтылды.

Елді мекендерге тартылған жоғары қысымды газ құбырының ұзындығы 285,7 км, ауылішілік газ құбырларының ұзындығы 141,2 км құрап отыр.  

Бүгінгі күнге барлық аудандағы 93 әлеуметтік  нысан толық табиғи газбен қамтылып, 100% көгілдір отын жүйесіне қосылған.

Жаңарған жолдарымыз –Тәуелсіздіктің тартуы деп есептейміз. Себебі сапалы жолдардың болуы  ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз септігін тигізетіні сөзсіз.  

Аудан аумағынан Шымкент - Самара республикалық маңызы бар автожолдың 49 км бөлігі өтіп жатыр. Облыстық маңызы бар жолдың бөлігі 41 км құраса, аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы  215,2 км құрайды.

2014 жыл аудан тарихы үшін айтулы оқиға екенін атап өтуге болады. Аудан орталығынан Орал қаласына қатынайтын тас жолына дейінгі 97 км жол күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ аудан орталығында ауылішілік 5,2 км жолы қатқыл табанды жолға айналдырылды.  

Ағымдағы жылдың өзінде «Жұмыспен қамту жол картасы» және «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары аясында аудан орталығының 11 көшесін қамтитын 9,2 км жолды қайта жаңғырту жобасы жүзеге асуда.

Сонымен қатар, ұзындығы 70 км болатын Қаратөбе-Қоржын-Қарақамыс аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданымызда алдағы уақытта да жолдарды жаңғырту жұмыстары жалғасын табатын болады.

Қазақстан тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда табысы орташадан жоғары деңгейдегі елдер қатарына енді.  Бұндай өсу кедейлік деңгейін едәуір төмендетуге, тұрғындардың біршама анағұрлым нәтижелі жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, адамдардың әл-ауқатын жақсартуға, еңбек өнімділігінің артуына және жұмыссыздар мен нәтижесіз еңбекпен айналысатын адамдардың, әсіресе, ауылдық жерлердегі жұмыссыздар мен нәтижесіз еңбекпен айналысатын адамдардың санын азайтуға мүмкіндік берді.

Осы проблемаларды шешу үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы  қабылданып, 2011 жылдан бері жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және табысы аз тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту  бағытында жұмыс атқарылып келеді.

Аудан бойынша "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы бойынша 2011-2016 жылдары 2677 адам қатысушы ретінде тіркеліп, соның ішінде 392 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 282 адам жастар практикасына, 728 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, 878 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 222 адам арнайы білім алса, 175 адам  несие алып жұмыстанды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінгі күнге «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы – халықты жұмыспен қамтудың негізгі құралы болып отыр.

Осы орайда жұмыспен қамтудың басты көрсеткіштеріне кеңірек тоқталып өтер болсақ:

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4981 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 2795 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, 199 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 389 жас маман жастар практикасына жолданса, 1598 адам әлеуметтiк пайдалы бағыттағы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Сонымен қатар, 461 адам қысқа мерзімді кәсіби оқуды тамамдап мамандық иегері атанды, 580 адам «Бастау – Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды,  256 адам шағын несие алса, 457 адам жаңа бизнес -идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік грант алып жұмыстануда.

Осы жылдары аралығында 2 476 жаңа жұмыс орындары ашылды, соның 1363 -і тұрақты жұмыс орындары.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2015 жылғы 7,1 % -тен 2020 жылы 6,0 %-ке дейін төмендесе, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі тиісінше 5,4% -тен 4,1%-ке дейін төмендеді.

Қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов айтқандай «БІЛІМ - бақтың жібермейтін қазығы, БІЛІМСІЗ бақ – әлдекімнің азығы» - демекші  білім саласының дамуы еліміздің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Сондықтан жас ұрпаққа заманауи білім беру – еліміздің болашағының дамуының басты факторларының бірі табылады.

Ауданымыздағы 13 жалпы орта білім беретін, 5 негізгі білім беретін және 1 бастауыш мектептерде 2480 оқушы білім алып жатырса, аталған білім ордаларында 644 педагог қызмет атқаруда.    

Аталған мектеп ғимараттарының 12-сі типтік үлгіде болса, 7 бейімделген үлгідегі ғимараттар.

Сонымен қатар 24 мектепке дейінгі ұйым (8 балабақша, 4 мектеп-бөбекжай-балабақша, 12 мектеп жанындағы шағын орталық) және 3 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды.

2020 – 2021 жылғы оқу жылының қорытындысы бойынша 188 түлек мектеп қабырғасын аяқтаса, соның 106 жоғарғы, 26 арнаулы орта оқу орындарының гранттарына ие болды.

Мектеп түлектерінің 18 Алтын белгі, 12 Үздік аттестат  иегері аттанды. 

12 білім беру ұйымы талшықты-оптикалық байланыспен 7 мектеп «Astel» спутникті байланыспен қамтылған.

Барлық білім беру ұйымдары 100% бейне-бақылау жүйесімен қамтылды.

Аудан бойынша 1 мектепте “SMART SCHOOL” жүйесі 3 мектепте «IT» сыныбы жұмыс жасайды.

Тәуелсіздік жылдарының алғашқы қиын кезеңдердің өзінде білім саласын қолдау күн тәртібінен түскен емес.

1991 жылы Қоскөл ауылдық балабақшасы,1993 жылы Ақтай ауылынан 624 орындық мектеп, 1995 жылы Жусандой ауылынан 324 орындық мектеп, 1998 жылы Қарақамыс ауылынан 624 орындық мектеп, 2006 жылы Шөптікөл ауылынан 345 орындық мектеп, 2009 жылы Үшана ауылдық мектебінің ғимараттары салынса, 2009 жылы аудандық саз мектептері пайдалануға берілді,2012 жылы типтік үлгідегі 108 орындық Үшағаш негізгі мектебі жаңадан салынды. 

Сонымен қатар Елбасымыз, Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту» туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында 1996 жылы Мұхит мектебінің базасында гимназиялық сыныптар ашылып, 1998 жылы облысымыздың аудандары арасында  алғашқылардың бірі болып, бос тұрған балабақша ғимаратын бейімдеп, «Қаратөбе мектеп-гимназия» мектебі ашылды.

Кейін 2010 жылы 300 орындық Қаратөбе-мектеп гимназиясы және 100 орындық «Дарын» интернатының жаңа ғимараттары салынды.

Бүгінгі таңға осы білім ошағынан 556 түлек аяқтаса, 59 Алтын белгі, 52 Үздік аттестат иелері аттанды. Грант иелері 426 түлек. 2006 жылы осы білім беру ұйымының түлегі Беркінова Ақнұр Нұрболқызы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтиежесінде ең жоғарғы 125 балл иеленді.      

Сонымен бірге 2006 - 2016 жылы 9 білім беру ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Қалдығайты ЖОББМ 283,0 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткізілсе, Шөптікөл және Қаратөбе мектеп гимназиясының жертөлесі мен жылыту жүйесі 71,5 млн теңгеге жөндеуден өткізілді.

Сондай-ақ облымызда алғашқы рет ауданымыздың балаларының демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында,бюджет қаражаты тапшы кезеңде Теректі ауданы, Сарыөмір ауылындағы «Шалқар» көлі маңынан балалардың жазғы демалыс лагерьі ғимараты салынып, пайдалануға берілді.

Елбасымыз «Мәдениет ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы. Өркениетті ұлт алдыменен тарихымен, мәдениетімен, мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішісімен мақтанады» демекші, ауданымыз үш жүзге ән оздырған, сал Мұхит, ән тәңірі Ғарифолла, (Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкіннің «Капитан қызы» повесін қазақ тіліне алғаш аударған) Алаш қозғалысының қайраткері Молданияз Бекімов, қазақтың алғашқы заңгері Бақытжан Қаратаев, академик Қажым Жұмалиев, атақты композитор Ескендір Хасанғалиев, ақын Шолпан Қыдырниязова сияқты елдің абыройын асқақтатқан бабаларымыз, ағаларымыз бен апаларымызға шыққан – қойнауы ән мен күйге, ырыс пен қазынаға толы қасиетті өлке.

Осындай ауданымыздан шыққан тарихи тұлғаларды дәріптеу және алдағы жас толқындарға насихаттау, жаңғырту мақсатында 2001 жылы Қаратау би кесенес бой көтерсе, 2006 жылы Ақбақай елді-мекенінде Мұхит Мералыұлы кесенесі салынды. 2013 жылы Ақтұлым мекенінде дәулескер күйші – композитор Ұзақ Мырзабайұлына кесене орнатылды.

Осы бағытта ел тарихын ұлықтау мақсатында Алаш сьезінің 95 жылдығына орай, сьезд өткен орынға алғашқы рет ескерткіш тас орнатылып, саябақ бой көтерді. Қаратөбе ауылындағы ҰОС қаза тапқандарға арналған «Мәңгілік алау», ауданнан шыққан қоғам қайраткерлерінің естелік тақтасы орнатылған Орталық  саябақ, Шөптікөл ауылында алғашқы рет ҰОС қаза тапқан батырларымызды ұлықтау мақсатында ескерткіш орнатылған парк салынды.

Тарихы тұңған Қаратөбе өлкесінің мұрасын келешек ұрпаққа жеткізу бүгінгі буынның парызы. Тәуелсіздігіміздің негізгі жетістіктерінің бірі ақтаңдақ парақтарда жоғалған тарихымыздың түгелденуі. Осы бағытта 2004 жылы аудан орталығында «Мұхит Мералыұлы» атындағы тарихи өлкетану музейі ашылып  жәдігерлеріміз жинақталды.  

2017 жылы жарық көрген Елбасымыз – Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назабаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ауқымды істер атқарылды. Аталған бағдарлама  бойынша жалпы құны   150,0 млн теңгеге 37 жоба іске асырылды.

Соның бірі өткен жылдың желтоқсан айында Батыс алашорданың сьезі өткен орыннан Алашорда және Қайыржан Хасановтың Мемориалдық музей кешенінің ашылуы.

 Сонымен қатар Республикалық деңгейде ауданда Құрманғазының ұстазы Ұзақ күйшіге арналған «Күй күмбірі» атты республикалық домбырашылар байқауы, 2018 жылы аудан орталығында  академик, филология ғылымдарының докторы, Қаратөбе өлкесінің перзенті Қажым Жұмалиевтің мүсінінің ашылу салтанаты, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші – композитор Ғарифолла Құрманғалиевтің 110 жылдығына арналған ІV республикалық «Жезтаңдай, күміс көмей ән дүлдүлі» дәстүрлі әншілер байқауы, ағымдағы жылдың тамыз айында Әнші-композитор Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығына арналған «Ән құдіретін асқақтатқан Мұхит сал» атты республикалық дәстүрлі әншілер байқауы оздырылды.

Тарихқа үңілсек, ауданымызда алғашқы кітапхана 1936 жылы ашылған. Тәуелсіздік алған жылдары аталған кітапханамыз 1999 жылы типтік жобада салынған үш қабатты үлкен ғимаратқа көшірілді.

Қазіргі таңда аудан бойынша 20 кітапхана халыққа қызмет етуде. 1990 жылдары кітап қоры 85 365  болса, қазіргі таңда 242 840 дана кітап қоры бар.

2014 – 2015 жылдары Сулыкөл және Жусандой ауылдарында модельді кітапханалар ашылса, 2018 жылы Бесоба ауылдық кітапханасы күрделі жөндеуден өтті.

Ағымдағы жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында аудан орталығында орналасқан Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесі күрделі жөндеуден өтуде.

Анықтама: Жоба құны 99,5 млн теңге, Мердігер «Dizain-D.A.» ЖШС

2008 – 2017 жылдары ауданымыз бойынша 7 мәдени ошақтарының ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 2014 жылы Сулыкөл ауылында заманауи жаңа үлгідегі ауылдық мәдениет үйі ғимараты салынып, пайдалануға берілді. 

Кеңес заманында діни көзқарастарға көптеген шектеулер болғанын бәрімізге мәлім.  

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде «Дін ұлттың және мәдени біртектілікті сақтаудың негіздерінің бірі» атап көрсеткен болатын.

Осы бағытта ауданымызда 2008 жылы демеушілік қаржыға аудан тұрғындарының күшімен жаңа мешіт ғимараты салынып пайдалануға берілді.

Анықтама: ауданымыз бойынша 1 мәдени демалыс орталығы, 18 мәдени ошақ жұмыс жасайды. 8 ауылдық мәдениет үйі, 9 ауылдық клуб қызметтерін атқаруда.

Алдағы уақытта да тарихымызды, мәдениетімізді дәріптейтін жұмыстар одан әрі жалғасын таба бермек.

Күні бүгінге ауданымызда 35 спорт нысандары халыққа қызмет көрсетуде. Аудан халқының бұқаралық спортпен қамтылуы 33% құрап отыр.

Ауданда бұқаралық спортты дамыту, жергілікті тұрғындардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды дамыту мақсатында аудан орталығында 2002 жылы ескі «Универмаг» дүкенінің ғимаратын қайта жаңғыртылып, спорт мектебіне пайдалануға берілді, бұл аудандағы талаптарға сай алғашқы спорт кешені болды.

2013 жылы аталған спорт кешені негізінде «Қаратөбе» спорт клубы құрылды.

2018 жылы «Қаратөбе» спорт клубы жанынан халықты бұқаралық спортқа тарту, дене сымбатын қалыптастыру мақсатында фитнес орталығы ашылды. Қазіргі таңда халық игілігі үшін қызмет етуде. Келушілер қатары 120-ға жуық.

2021 жылы «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында «Қаратөбе» спорт клубының ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді.

Анықтама: Жоба құны 50,8 млн теңге. Мердігер «Dizain-D.A.» ЖШС

Жалпы ауданда спортпен айналысуға қол жетімділікті арттыру үшін 2015 - 2020 жыл аралығында 15 спорттық алаң салынды.

Сонымен қатар 2015 жылы аудан орталығына заман талабына сай «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» дене шынықтыру кешені қолданысқа берілді.

Жоғарыда атқарылған игі істердің нәтижесінде аудан спортшылары үздіктер қатарынан көріне білді. Атап айтсақ, Ержан Ерболатұлы қол күресінен 2019 жылы ХVІІІ Азия чемпионы, Румыния елінің Константа қаласында өткен ХХХХІ Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар 2021 жылы қол күресінен ХІХ Азия чемпионатында өз салмағының жеңімпазы атанса, Ниязов Жандарбек азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Ұлттық спортты насихаттау мақсатында 2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасының абсолюттік чемпионы Еңсеп Досқалиевті еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнирі өткізілді.

Сондай-ақ, өткен жылы «Қаратөбе» спорт клубы жанынан ат спорты бөлімі ашылып, аудан спортшылары облыстық жарыстардан жүлделі орындардан көрінуде. 

Халқымыздың «Денсаулық – баға жетпейтін асыл дүние», «Дені саудың – жаны сау» деген нақыл сөздері бекерге айтылмаған.

  Қазір заманауи кезеңде жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді мемлекетіміздің басты аса маңызды міндеттерінің бірі.

Әсіресе өткен жылдан бері әлемдік пандемияға байланысты денсаулық сақтау саласына күрделі кезең болғаны белгілі. Осынау қиын уақытта халқымыздың алғысына бөленген ақ халатты жандардың орны бөлек.   

Денсаулық сақтау саласы Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында, қаржылық қиыншылықтар қыспаққа алған жылдарда да көңілден тыс қалған емес.

Жалпы аудан бойынша 1998 жылы аудан орталығында типтік үлгідегі аурухана ғимараты қолданысқа берілсе, 2005 жылы 8 елді-мекенге жаңадан медициналық пункт салынды. 2008-2009 жылдары 4 елді-мекендегі медицина ұйымдарының ғимараттарына жөндеу жүргізілді. 2004 жылдан бастап аурухананың техникалық базасын жақсарту мақсатында 16 автокөлік алынса, өткен жылы заманауи диагностикалық құрылғылармен жабдықталған жылжымалы медициналық кешенмен толықтырылды.     

Сонымен қатар ағымдағы жылдың өзінде құны 65,6 млн құрайтын медициналық құрал-жабдықтар алынды.      

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі, сондықтан да аталған бағыттағы жұмыстары ауданның басты бағыты болып қала бермек.

Анықтама: Қазіргі ауданымыз бойынша 1 орталық аурухана, 5 дәрігерлік амбулатория, 3 фелъдшерлік-акушерлік пункт, 9 медициналық пункт жұмыс істеуде.

Құрметті көрермендер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Құт дарып,кие қонған Қаратөбе өңірінің әрқашан тарихта алар өзіндік орыны бар. Тәуелсіз елдің тарихи кезеңінде, ауданымызда атқарылған жұмыстар легін баяндап өттім. Ендігі кезек,Тәуелсіздік сыйлаған береке мен бірлікті сақтай отырып еліміздің, ауданымыздың одан әрі дамуы бағытында күтіп тұрған ауқымды жұмыстарды атқару. 

Ендеше мен сөзімді - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты биылғы Жолдауындағы:

Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды.Шын мәнінде, ұйымдасқан ұтады.«Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» деп халқымыз бекер айтпаған.Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте!

Ендеше, бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік!Қасиетті Отанымыз мәңгі жасай берсін!   - деген сөзімен аяқтағым келеді.

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
15 февраля 2022
Дата обновления
15 февраля 2022
Тип
Полезная информация

Сейчас читают

16 октября 2026
Инфографики....
09 сентября 2026
Выборы акима Аккозинского сельского округа
03 августа 2026
аудиоролики

Социальные медиа

Қаратөбе ауданы әкімдігі
Қаратөбе ауданы әкімдігі

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы