Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес 2023 жылдың 10 қыркүйегі күні Егіндікөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 11 қыркүйектегі шешімімен Егіндікөл ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:
Тналиев Екпин Батырханович, 1980 жылы туған, Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беруші педогог болып жұмыс жасайды. Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы