Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының ақпараттандыру бөлімінің бас маманы
Батыс Қазақстан облысы
243366
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Бағалау
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Білім: математика
- Білім: информатика
Қосымша талаптар
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс өткізу кезінде сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Конкурстық сұрақтардан басқа конкурстық комиссияның кандидаттарды іріктеудің өзге де құралдарын қолдануына жол беріледі.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Кандидаттың келісімі болған кезде оның конкурс комиссиясымен әңгімелесуінің бейнежазбасы да мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде шағымдана алады.
Әңгімелесу және өзге де іріктеу құралдарын өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін құру және дамыту. Жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуын жүзеге асыру, олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету. «Электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін тіркеуді, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы ақпараттың жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету. Ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық - коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету. Халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және қауіпсіздік мәселелері бойынша тұрғындардың мемлекеттік органдармен, коммуналдық кәсіпорындар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер ұсынуды ұйымдастырады. Облыстың атқарушы органдарының және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының ақпараттандыру жұмыстарын орталықтандырылған түрде жүргізеді.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерімен, азаматтармен және мүдделі ұйымдармен ақпараттандыру мәселелері бойынша үйлестіруді ұйымдастыру, оларға консультациялық және методологиялық көмек көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштері мен шағымдарын қарау. Өз құзыреті шегінде есептер, ақпараттар мен анықтамалар дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Орал қаласы, Исатай-Махамбет көш. 84 (4 қабат)
-
8 (7112) - 24-05-96
8 (7112) - 30-13-38