Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы
Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Білікті және уақытылы бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру. Құжаттардың дұрыс рәсімделуіне, уақытылы жасалуына, операциялардың заңды болуына алдын-ала бақылау жасау, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, шарт қағаздарын, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің төлем құжаттарын рәсімдеу. Бухгалтерлік есептегі бүкіл шаруашылық операциялардың болуын қамтамасыз ету және бақылау, шұғыл акпарат беру, бухгалтерлік есеп, мекеменің қаржы-шаруашылық, статистикалық, салықтық және тағы басқа есептерін жасау. Қаражаттың түсуін, сақтауды, шығындарды есептеуді бақылау. Қабылдау, сақтау және шығыс ақша қаражатын бақылауға алу. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштер мен шағымдарын қарау. Өз құзыреті шегінде есептер, ақпараттар мен анықтамалар дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Орал қаласы, Чагано-Набережная 84 көшесі
-
8 (7112) 30-13-38