Батыс Қазақстан облысы цифрлық технологиялар басқармасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 2027 жылдың 6 тамызына дейін)
Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Әлеуметтік ғылымдар
- Журналистика және ақпарат
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Телекоммуникациялар
- Автоматтандыру және басқару
Функционалды міндеттер
Бөлімге жетекшілік ету. Облыс аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін жүзеге асырады. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылдауды ұйымдастыру.Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне, атап айтқанда мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзырына кіретін мемлекеттік қызметтер бойынша өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Облыстың мемлекеттік органдарының, мемлекеттік қызмет көрсетуші субъектілер мамандарының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы стандарттарын енгізу және үздіксіз жетілдіру, соның ішінде мүгедектермен қарым қатынас орнату негіздері бойынша біліктілігін арттыруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу. Мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметті анықтау және/немесе алып тастау, мемлекеттік қызметтің атауын өзгерту жөнінен заңнамаға мониторинг жасау. Мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы ұсынуға кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді жою, заңнама, заңға тәуелді актілердің және жүргізілген тексерулер мен талдаулардың қорытындылары және облыстың мемлекеттік органдарының, мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің ұсыныстары бойынша бақылау тапсырмаларының орындалуын бақылау жүйесін нақты ұйымдастыру мақсатыңда қажетті шаралар алу туралы ұсыныстар дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштер мен шағымдарын қарау.Өз құзыреті шегінде есептер, ақпараттар мен анықтамалар дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 10.09.2024
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-10-50