Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасының инфрақұрылымдық даму бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Байланыс операторларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосуды ұсыну үшін байланыс операторларымен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар объектілердің тізбесін айқындау. Өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесе отырып Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінің интернетпен қамтамасыз етілуі және сапасы бойынша жұмыстарына талдау жүргізу. Өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесе отырып Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінің ұялы байланыспен қамтамасыз етілуі және сапасы бойынша жұмыстарды талдауды жүргізу. Байланыс операторларымен бірлесе отырып облыстың ауылдық елді мекендерін ұялы байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу бойынша жұмысты жүргізу. Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінің Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділіктің болуына талдау жүргізу. Байланыс операторлармен бірлесіп кеңестер және жиналыстар ұйымдарстыру. Есептік кездесулерде халықпен байланыс және интернет мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Облыстық азаматтық қорғаныс саласында Байланыс қызметі атынан төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі халықаралық және республикалық (облыстық, аудандық) оқу жаттығуға қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштері мен шағымдарын қарау. Өз құзыреті шегінде есептер, ақпараттар мен анықтамалар дайындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.11.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.11.2023 – 22.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

28.11.2023

Сұхбаттасу орны

Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

24-20-56