Батыс Қазақстан облысының ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2024 жылдың 9 айына талдамалық анықтама

Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 176 мемлекеттік қызмет және 296 қосалқы қызмет енгізілген.

  1. Жалпы ақпарат

2024 жылдың 9 айында 2 978 366 қызмет көрсетілді.

Соның ішінде,

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 5 008 (0,2%),
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 65 330 (2,2%),
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны – 1 811 743 (60,8%),
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1 096 285 (36,8%).

 

Ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген қызметтер саны: 154 977

  • egov.kz портал арқылы – 120 548
  • elicense.kz порталы – 19 116
  • Азаматтарға арналған үкімет мемкорпорациясы арқылы – 15 313

 

Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 126 506

Электронно оказанные госуслуги: 126 506

  • ИСС – 6 434
  • ИС Е-Собес – 30 419
  • ИС Рынок труда – 10 593          
  • E-Qazyna.kz – 95
  • ИС Е-акимат – 492
  • kezekte.kz – 1 160
  • «Электронная биржа труда» /енбек кз – 70 658
  • Социальная помощь – 2 628
  • kz – 3 230
  • Baspana market – 732
  • АИС «Қандас» – 65.

 

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны 62.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 343, оған
43 627 тұрғын тартылды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 5 адам өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 147 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.