Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында
Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нургиса Камашев “Қазақтелеком” АҚ ұжымымен кездесті. Кездесу барысында компания қызметкерлерін өңіріміздің телекоммуникация саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттарымен марапаттады.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы бойынша “Қазақтелеком” АҚ қол жеткізу желісін пайдалану департаментінің директоры Андрей Алексеевич Чеботарев Батыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасына ие болды.