«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі бойынша 15774 қызмет көрсетілді (с.і 4912-і Мемлекеттік корпорация арқылы, 7478-і «электрондық үкімет» веб-порталы және 3384 қызмет берушінің «Е-акимат» ақпараттық жүйесі арқылы).
«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметінің сапасын арттыру бойынша түсіндіру шараларының жоспарына сәйкес, есепті мерзімде барлық аудандық архивтерде мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілді, мемлекеттік қызметті алу тәртібі бойынша жадынамалар таратылды.
Бақылау іс-шаралары барысында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметінің мерзімін кешіктіру, негізсіз бас тарту немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ.