2025 жылғы 4 тоқсандағы Батыс Қазақстан облысының ішкі бақылау жөніндегі жұмысы туралы талдамалық анықтама

 

Батыс Қазақстан облысының

ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2025 жылдың 4 тоқсанына

талдамалық  анықтама

 

Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 176 мемлекеттік қызмет және 296 қосалқы қызмет енгізілген.

  1. Жалпы ақпарат

2025 жылдың 4-ші тоқсанында1 164 154қызмет көрсетілді.

Соның ішінде,

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 714(0,1%),
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 6 602(0,5%),
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны – 746 140 (64,1%),
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 410 698(35,3%).

 

Ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген қызметтер саны: 41707

  • egov.kz портал арқылы – 35533
  • elicense.kz порталы – 4572
  • Азаматтарға арналған үкімет мемкорпорациясы арқылы – 1602

 

Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 30529

  • ИСС – 734
  • ИС Е-Собес – 3082
  • ИС Рынок труда – 1898
  • E-Qazyna.kz – 71
  • kezekte.kz - 4
  • «Электронная биржа труда» /енбек кз – 19068
  • Социальная помощь – 211
  • kz – 5 316
  • Baspana market – 145.

 

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны 65.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 59, оған
1 968 тұрғын тартылды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 18 адам өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 31 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отчет за 4 квартал 2025 год
Дата публикации
13 января 2026