Батыс Қазақстан облысының
ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2025 жылдың 1 тоқсанына
талдамалық анықтама
Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 176 мемлекеттік қызмет және 296 қосалқы қызмет енгізілген.
- Жалпы ақпарат
2025 жылдың 1-ші тоқсанында 1 057 711 қызмет көрсетілді.
Соның ішінде,
- көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 620 (0,1%),
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 13 428 (1,3%),
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны – 703 699 (66,5%),
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 339 964 (32,1%).
Ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген қызметтер саны: 44 776
- egov.kz портал арқылы – 38 540
- elicense.kz порталы – 4 705
- Азаматтарға арналған үкімет мемкорпорациясы арқылы – 1 531
Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 40 668
- ИСС – 384
- ИС Е-Собес – 8 924
- ИС Рынок труда – 2 448
- E-Qazyna.kz – 59
- kezekte.kz – 645
- «Электронная биржа труда» /енбек кз – 27 021
- Социальная помощь – 193
- kz – 594
- Baspana market – 392
- АИС «Қандас» – 8.
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны 9.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 184, оған
27 604 тұрғын тартылды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 42 адам өтті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 33 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.