Батыс Қазақстан облысының
ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2023 жылға
талдамалық анықтама
Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 176 мемлекеттік қызмет және 296 қосалқы қызмет енгізілген.
- Жалпы ақпарат
2023 жылы 3 943 012 қызмет көрсетілді.
Соның ішінде,
- көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2 888 (0,1%),
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 100 659 (2,5%),
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны – 2 440 408 (61,9%),
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1 399 057 (35,5%).
Ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген қызметтер саны: 213 167
- egov.kz портал арқылы – 165 625
- elicense.kz порталы – 23 192
- Азаматтарға арналған үкімет мемкорпорациясы арқылы – 24 350
Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 118 967
- ИСС – 7 699
- ИС Е-Собес – 19 886
- ИС Рынок труда – 31 064
- ИС ЗАГС – 3 262
- E-Qazyna.kz – 184
- ИС Е-акимат – 1 392
- kezekte.kz – 1 475
- «Электронная биржа труда» /енбек кз – 44 345
- Е-халык – 2 058
- Социальная помощь – 1 814
- kz – 4 422
- Baspana market – 1 364
- АИС «Қандас» – 2.
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны 66.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 551, оған
90 301 тұрғын тартылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 166 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.