Батыс Қазақстан облысының
ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2021 жыл бойынша
талдамалық анықтама
- Жалпы ақпарат
2021 жылы 3 304 894 қызмет көрсетілді.
Соның ішінде,
- көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны- 6 686 (0,2 %),
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 77 309 (2,4 %),
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны- 2 374 527 (71.8%),
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 846 372 (25,6%).
Ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген қызметтер саны:_92 903
- egov.kz портал арқылы- 35 716
- elicense.kz – 20 516
- Азаматтарға арналған үкімет мемкорпорациясы арқылы- 36 672
Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 100 612
- kz – 5 207
- ИСС- 7 358
- Өзге жүйелер («Е-Собес» АЖ, «Рынок труда» АЖ, «ЗАГС» АЖ,Госреестр, Е-акимат, Баспана.кz) – 88 047
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны 55.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 2318, оған
72 751_____тұрғын тартылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде ___162___ саны ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.