Батыс Қазақстан облысының ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2022 жылдың 2 тоқсанына талдамалық  анықтама

Батыс Қазақстан облысының

ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2022 жылдың 2 тоқсанына

талдамалық  анықтама

 Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 170 мемлекеттік қызмет және 157 қосалқы қызмет енгізілген.

  1. Жалпы ақпарат

2022 жылдың 2-ші тоқсанында 1 059 115 қызмет көрсетілді.

Соның ішінде,

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны- 15 438 (1,5 %),
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 8 830 (0,8%),
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны- 608 295 (57,4%),
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 426 552 (40,3%).

 

Ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген қызметтер саны:_  179 200

  • egov.kz портал арқылы- 142 410
  • elicense.kz порталы- 15 506
  • Азаматтарға арналған үкімет мемкорпорациясы арқылы- 21 284

 

Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 54 366

  • kz - 2628
  • ИСС - 6244
  • Е-Собес АЖ - 11256
  • Рынок труда АЖ - 18278
  • ЗАГС АЖ - 3268
  • Госреестр АЖ- 90
  • Е-акимат АЖ- 3434
  • kezekte.kz- 1568
  • «Электронная биржа труда» /енбек кз - 4708
  • Е-халык -1854
  • Социальная помощь - 1038

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны 0.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 92, оған
9 233 тұрғын тартылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 47 саны ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

 

Дата публикации
13 июля 2022