Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 174 қызмет енгізілген.
- Жалпы ақпарат
2022 жылдың 1-ші тоқсанында 911 823 қызмет көрсетілді.
Соның ішінде,
- көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны- 1 439 (0,1 %),
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 10 200 (1,1 %),
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны- 607 438 (66,6%),
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 292 746 (32,2%).
Ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген қызметтер саны:_
21 984
- egov.kz портал арқылы- 9 031
- elicense.kz порталы- 3 413
- Азаматтарға арналған үкімет мемкорпорациясы арқылы- 9 540
Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 27 758
- kz – 557
- ИСС- 310
- Өзге жүйелер («Е-Собес» АЖ, «Рынок труда» АЖ, «ЗАГС» АЖ,Госреестр, Е-акимат, Баспана.кz) – 26 891
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны 3.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 79___, оған
6427_____тұрғын тартылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде ___36___ саны ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.