Батыс Қазақстан облысының ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы талдамалық анықтама

Батыс Қазақстан облысының

ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2022 жылдың

талдамалық  анықтамасы

 

Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 176 мемлекеттік қызмет және 296 қосалқы қызмет енгізілген.

  1. Жалпы ақпарат

2022 жылы 3 958 089 қызмет көрсетілді.

Соның ішінде,

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны- 55 430 (1,4%),
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 30 039 (0,8%),
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны - 2 467 849 (62,3%),
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1 404 771 (35,5%).

 

Ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген қызметтер саны:

232 037

  • egov.kz портал арқылы- 159 213
  • elicense.kz порталы- 27 818
  • Азаматтарға арналған үкімет мемкорпорациясы арқылы- 45 006

 

Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 114 365

  • kz - 4988
  • ИСС - 8592
  • ИС Е-Собес - 20539
  • ИС Рынок труда - 44032
  • ИС ЗАГС - 9726
  • ИС Госреестр- 132
  • ИС Е-акимат- 3801
  • kezekte.kz- 1478
  • «Электронная биржа труда» /енбек кз - 17275
  • Е-халык - 2306
  • Социальная помощь - 1496

 

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны 42.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 483, оған
41 441 тұрғын тартылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 158 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Батыс Қазақстан облысының ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы талдамалық анықтама
Дата публикации
10 января 2023