Түсіндіру кездесулері

Түсіндіру кездесулері

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы  №1182 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2024 – 2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының 17-тармағында жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірлесіп «Қауіпсіз еңбек: кәсіп және мансап» тақырыбында 11-сынып оқушыларына арналған онлайн кәсіптік бағдар беру көрмесін ұйымдастыру және өткізу қарастырылған.

        Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 28 және 29 қараша күндері Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университетінің мамандарымен бірлесіп, Орал қаласының №17, 19, 30 жалпы орта білім беретін мектептерінің және Ақсай қаласының № 2, 3, 4 жалпы орта білім беретін мектептерінің 11-сынып оқушыларына «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі маманының» қызметімен және осы мамандықтың азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтаудағы маңыздылығын таныстыру, түсіндіру мақсатында кездесулер ұйымдастырылды.