Ақпараттық-түсіндіру кездесуі

2024 жылдың 26 қараша күні Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің БҚО бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторларының модераторлық етуімен облыстық білім беру ұйымдарының мамандарына ZOOM қосымшасы арқылы ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты – еңбек мәдениетін арттыру және еңбек заңнамасын бұзудың салдарын кеңінен түсіндіру болып табылады.
Кездесу барысында пікір алмасылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік еңбек инспекторы толық жауаптар берді.