Кезекті «Қауіпсіз еңбек» профилактикалық іс-шарасы

Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету және жұмыс орнындағы еңбек жағдайын жақсарту мақсатында БҚО бойынша еңбек инспекциясы басқармасы жазғы кезеңнің басынан бері «Қауіпсіз еңбек» науқаны аясында құрылыс қарқынды жүріп жатқан объектілерге барып, алдын алу шараларын жүргізуде.
Осылайша, ағымдағы жылдың 15 тамыз күні, мемлекеттік еңбек инспекторы К.Жумагереевпен Теректі ауданы, Подстепное ауылындағы бас мердігері «СКФ Отделстрой» ЖШС болып табылатын 1200 орынға арналған мектеп құрылысы алаңына бару кезінде визуалды тексеру барысында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайтындығы анықталды.
Бірқатар жұмысшылар жоғарғы қабаттарда қауіпсіздік белбеуінсіз жұмыс жасап жүрді.
Сондай -ақ, Басқарма қызметкерлері өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында өнеркәсіптік және құрылыс ұйымдарында ЖШС қызметкерлері, қосалқы мердігерлер арасында ҚР Еңбек кодексінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік еңбек инспекторы басқа ұйымдарды мысалға ала отырып, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар туралы айтып, жазатайым оқиғалардың негізгі себептерін және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелерін талқылады.
Осындай профилактикалық шаралар басқа құрылыс және өндірістік объектілерде тұрақты түрде жүргізілетін болады.