Ақпараттық-түсіндіру кездесуі

Ағымдағы жылдың 29 ақпан күні Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Турумова, У.Жунусов және Қ.Жумагереев Жәнібек ауданының білім беру ұйымдары өкілдеріне ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты – еңбек заңнамасы негіздерін және оны бұзудың салдарын, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу сияқты өзекті мәселелерді кеңінен түсіндіру болып табылады.
Кездесу барысында пікір алмасылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік еңбек инспекторы толық жауаптар берді.