«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» облыс тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткізуде

Мобильді топтың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халыққа тегін құқықтық кеңес беру, қабылдаулар өткізу.
Осы орайда, мобильді топтың мүшесі, мемлекеттік еңбек инспекторы С.Темиргалиев 2024 жылдың 15 ақпан күні Тасқала аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарын мобильді топтың жұмысымен таныстыру, құқықтық көмек көрсету іс-шараларына қатысып, тұрғындарды еңбек қатынастары саласындағы мәселелерімен қабылдау жүргізді.