Оралда азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Азаматтарды қабылдауды облыс әкімі, әкімдер, оның орынбасарлары, сондай-ақ барлық облыстық басқармалардың басшылары мен орынбасарлары және аумақтық басқармалардың басшылары бекітілген кестеге сәйкес алдын-ала жазылу бойынша жүргізеді.
Азаматтарды қабылдау орталығында мемлекеттік органдардың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлері жұмыс істейді.
Осы орталықта Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы басшысының орынбасары А.У.Туйгинбетов 2024 жылдың 10 қаңтарында, 2024 жылдың 5 ақпанында, 2024 жылдың 5 наурызында сағат 10.00-ден – 12.00-ге дейін, Басқарма басшысы А.Т.Досжанов сағат 15.00-ден – 17.00-ге дейін азаматтарды қабылдау жүргізеді.
Орталық Орал қаласы, Сарайшық көшесі 47 үй, 1-қабат мекенжайында орыналасқан.